Коронавирустық инфекцияны Қазақстан құрамасының қанша спортшысы жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі редакция сауалына жауап берді.
«COVID-19 біздің команданың үш жүлдегері мен екі жаттықтырушысынан анықталды. Олардың ПТР-сынағы оң нәтиже берді. Қазіргі уақытта олар оқшауланған», - делінген Туризм және спорт министрлігінің түсініктемесінде.
Спортшылар ем қабылдап жатыр.
«Ауру жеңіл түрде өтіп жатыр. Оларға тезірек сауығып кетулерін тілейміз. Ұлттық құраманың басқа мүшелерінде вирус табылған жоқ», - делінген ресми жауапта.
Естеріңізге сала кетейік, Париж Олимпиадасынан оралған спортшылар мен бапкерлерден коронавирус табылуына байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың спортшылармен кездесуі кейінге шегерілді.