Атырау, 20 қыркүйек 12:39
 ашықВ Атырау +14
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Тоқаев Қарағандыдағы «Кәусар» оқушылар сарайын аралады

391 просмотра
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды қаласының Пришахтинск ықшамауданында таяуда ғана ашылған «Кәусар» оқушылар сарайының қызметімен танысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасай отырып.

Дереккөзге сүйенсек, бұл оқушылар сарайында 13 үйірме мен секция бар, оған 1600 бала барып жүр.

«Оқушылар игілігі үшін орталықта HI-TECH цех, шығармашылық шеберхана, хореография залы, ART-студия, дыбыс жазу, телевидение және фото студиялары, VR-архитектура және WEB-дизайн кабинеттері, Intellectum-студия, Интернет заттары кабинеті, роботты техника және техникалық шығармашылық зертханасы, STEM-зертхана, музыкалық студия, экологиялық орталық, спорт және ойын алаңдары ашылған», - деп жазады Ақорда.

Тоқаев Оқушылар сарайындағы балалармен кездесіп, бірге суретке түскен. Сондай-ақ, жас ұрпақтың шығармашылық және креативті дамуының мәні зор екеніне назар аударған.

Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға, соның ішінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізуге баса мән беретінін атап өтті. Президент оқушыларды осы маңызды бастамаға белсенді түрде атсалысуға шақырды.

14 тамыз, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.