Атырау, 20 қыркүйек 12:31
 ашықВ Атырау +14
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

МӘМС жарнасын төлейтін қазақстандықтар үшін МРТ мен компьютерлік томография арзандайды

382 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Денсаулық сақтау министрлігі міндетті медициналық сақтандыру жарнасын төлейтін қазақстандықтар үшін кейбір медициналық қызметтердің тарифтерін төмендету ұсынды. Елімізде МРТ және компьютерлік томография арзандамақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұйрық 12 тамызда “Ашық НҚА” порталында жарияланды.

“Осы бұйрыққа 7-қосымшамен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерге тарифтер осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын”, – делінген құжатта.

Белігілі бір органдарға жасалатын компьютерлік томография (КТ) және магнитті-резонанстық томографиясы (МРТ) арзандайды:

  • КТ бағасы 9621 теңгеден 7976 теңгеге дейін төмендейді;
  • Контрастілеуді қажет ететін КТ бұған дейін 29 955 теңге болса, енді 24 705 теңгеге арзандайды;
  • МРТ бағасы да 12 247 теңгеден 8750 теңгеге төмендеді;
  • Контрастілеуді қажет ететін МРТ құны 34 735 теңгеден 29 605 теңгеге түседі.

Жоба 26 тамызға дейін қоғамдық талқыға түседі. Сондай-ақ құрылған күннен бастап 10 күн өткен соң күшіне енеді. Денсаулық сақтау министрлігі жаңа тарифтер 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енетінін мәлімдеді. 

14 тамыз, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.