Атырау, 20 қыркүйек 12:28
 ашықВ Атырау +14
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Ләйлә Сұлтанқызы FlyArystan әуе компаниясына шағым түсірді

431 просмотра
фото: Ләйлә Сұлтанқызының Instagram парақшасынан

FlyArystan бортында журналист Ләйлә Сұлтанқызының басына ауыр жүк құлап кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ол әуе компаниясының үстінен шағым түсірген. Айтуынша, FlyArystan қауіпсіздік шараларын сақтамаған және қызметкерлер оған қажетті алғашқы медициналық көмек көрсетпеген.

«Мен @flyarystan үстінен арыз жаздым! Бүгін кешкі 21:50 шамасында KC7326 рейсімен Шымкенттен Астанаға ұшып келдім. Ұшақтың есігі ашылмай, тұрып кеткен жанымдағы жолаушының абайсыздығынан бетіме үстіңгі сөреде тұрған ауыр (қатты) зат, отырған маған құлап, КӨЗІМНІҢ ТҰСЫН ЖЫРЫП, ҚАБАҒЫМ ЖАРЫЛДЫ. Бұл @flyarystan әуекомпаниясы қауіпсіздік шарасын сақтамағандықтан орын алған жағдай. Бортсеріктер мен әуекомпанияның алғашқы көмекке дайын емес болғанына қапа болдым! Не аптечка, не мұз, не суық зат, не қан тоқтатын, не салфетка жоқ" деп жазды Сұлтанқызы.

Сондай-ақ, журналист өзінің орнында қарт адам немесе кішкентай бала отырып басы жарылса жағдай қиынға соғар еді дейді:

"Меніңше, орнымда бала, қарт адам отырып, басы жарылса, қатты жараланса, миы шайқалса, көп қан кетсе жағдай қиын болар еді. Жауапсыздық! Әр бортсерік жолаушы мініп-түскенше адам денсаулығына жауапты, алғашқы көмек көрсетуге міндетті!», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында.


Журналистің қабағы жарылып кеткен. Келгеннен кейін оған әуежайда медициналық көмек көрсетілді.

14 тамыз, 13:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.