Атырау, 11 желтоқсан 20:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

"Құлаған зымыранның улы отыны жайылғаны хабарланды". "Американдар Қашаған кенішін қашықтықтан басқармақшы". “Қытай қазаққа жер бересiң деп талап қоюы мүмкiн”.

2 200 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Құлаған зымыранның улы отыны жайылғаны хабарланды" - Ақпараттарға қарағанда, Байқоңыр ғарыш айлағынан мамандар шұғыл түрде көшіріліп жатыр. Алғашқы уақытта Байқоңыр қаласының және оның маңындағы Төретам, Ақай ауылдарының тұрғындарына терезелерді жауып, үйден шықпай отыру туралы нұсқау берілген. Қазір Қызылорда облысы тұрғындарына да осындай ескерту айтылғаны мәлім болды. 

"Үш құрлықтағы толқудың ортақ белгісі не?" - Бразилия, Түркия және Индонезия мен Болгариядағы үкіметке қарсы қозғалыстар әлеуметтік желілерде өте жылдам тарады. Сарапшылар адамдарды басқару қиындап кеткенін айтады.

SERKE.ORG. "Әбілязовтың қалтасында қанша паспорт бар?" - Қырғызстанның төлқұжат бөлімі БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязовқа бір емес, екі шетел паспортын жасап беріпті. Бұл жөнінде Мемлекеттік тіркеу (төлқұжат) мекемесіне сілтеме жасай отырып «Вечерний Бишкек» газеті хабарлады. Қазір бұл мәселеге қатысты Қазақстан мен Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік қызметі бірлесіп, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Американдар Қашаған кенішін қашықтықтан басқармақшы" - Американдық мамандар Қашаған кеніші үшін қашықтықтан басқарылатын арнайы робот жасап шығарды, делінген NorthCaspianOperatingCompany (NCOC) компаниясының БАҚ-пен байланыс бөлімі таратқан хабарда. 

ABAI.KZ. "Елбасы Құлжаға келгенде" - 2004 жылы қыркүйектің 24 жұлдызы. Әбігер болғанымызға бір жұма. Дүние қазақтарының ұлы көсемі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізге сапарлай келетін күн. Сапарлай келгенде осы Құлжада болып, мемлекет және автономиялы өлкенің басшыларымен кейбір мәселелер туралы кеңеспек. Нәкеңнің көңілге алған тағы бір шаруасы – Қытайдағы қарапайым қазақтардың хал-жайын білу мақсатында бір жай отбасына бас сұғып, нан ауыз тиіп аттанбақ екенін ұққан соң, облыстық үкіметтің орналастыруы бойынша, белгіленген қонақ келетін отбасының қора-қопсысын тазалап, үйін реттеп, әйнегіне дейін сүртіп, кәдімгі той жасайтындай әбігер боп жүрген жайымыз осы.

"«Протон» құлады. «Апат болған жоқ». Мұсабаевтың мұнысы не сөз?" - Бүгін Астана уақыты бойынша, сағат 08.38-де «Байқоңыр» ғарыш айлағының № 81 алаңынан «Протон-М» зымыран-тасығышы құлады.  ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылымнан кейін 10 секундтан соң жерге құлап, жарылды» деп мойындады. Бірақ, Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев «апат болған жоқ» деп отыр.

"Сарайшықты сақтап қалу мүмкін бе? Мүмкін cияқты" - «Биылғы жылдың 15 мамырында «Ақ жол» Парламенттік фракциясының атынан Партия төрағасы Азат Перуашев Атырау облысы, Сарайшық қаласын су шаюдан қорғау мақсатында Жайық өзенінде бекініс салу жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне депутаттық сауал жолдап,  Дешті Қыпшақтың астанасы болған Сарайшықтан  қалған асыл мұраны құтқарып, сақтап қалу үшін барынша күш салуға шақырған болатын» деп хабарлайды «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі.

MASA.KZ. "Байқоңыр - сабақ. Барлық полигон жабылсын!" - Ресейдің әскери полигондары – “Капустин Яр”, “Сары Шаған”, “Ембі”, “”Балқаш-1″, “Сарыөзек” т,б. әскери мақсаттағы нысандардың жалға алу ақысы еш себепсіз төмендетілген және тұрғылықты халыққа тигізетін залалы өлшеусіз. Олар түгелдей ресейлік өктемдік негізінде орналасып отырғаны анық.

ZHASALASH.KZ. "Аса қауiптi саналатын Қытайдың жүк көлiктерiн тасымалдауға тыйым салатын кез жеттi (видео)" - Қытайлық жүк көлiктерiнiң қауiптiлiгi туралы талай жазылып, айтылды. Бiрiншiден, техникалық жағдайы сын көтермейтiн қытайлық көлiктер өте ауыр. Жүк тасу мүмкiншiлiгi 20 тоннадан 40 тоннаға дейiн. Бұл – қала жолдарының бұзылуының бiрден-бiр себебi. Екiншiден, онсыз да экологиялық жағдайы қиын қаламыздың ауасына қытай көлiктерiнен бөлiнетiн газды қосыңыз.

"Күллi әлемге күлкi болған “елбасы турнирi” (видео)" - Президенттiң жүлдесi үшiн өткен республикалық турнирдiң де жүл­десiн дүйiм елдiң көз алдында саудаға салып жiберетiн “шеберлi­гiмiздi” 3 миллионға жетер-жетпес моңғолдың арасынан шығып, 130 миллионға жуық жапонның ортасында   өз ұлтын ұлықтап жүрген Асасерю Акиноридiң мейман боп келiп көрмегенi қандай оңды болды. Әйтпегенде заманында Жапонияда жүрiп әлем чемпионы атанған Қажымұқанның қазiргi ұрпағының мына күйiн көрiп жерiп кететiн едi-ау. 

“Қытай қазаққа жер бересiң деп талап қоюы мүмкiн” - Бейресми деректерге қарағанда, Қытай Қашаған кен орнын игеру жобасындағы ConocoPhillips американдық компанияның үлесiн өз бағасынан үш есе қымбатқа, яғни 15 миллиард долларға сатып алуды ұсынуда. Аспан асты елiнiң қазақтың мұнайына бұлайша көз тiгiп, кенеше жабысуының себебi неде? Бұдан қазаққа қандай қауiп бар? Дәл осы американдық компанияның үлесiн қазақ үкiметi сатып алуына мүмкiншiлiгi бар ма?  

2 шілде 2013, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.