Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әуежайда Мемлекет басшысын Қарағанды облысы әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қарсы алды.
Ақорданың хабарлауынша, сапар барысында президент өңірдің бірқатар өндірістік және индустриялық кәсіпорындарын аралап көреді. Сонымен қатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысады.