Атырау, 20 қыркүйек 12:37
 ашықВ Атырау +14
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

CNBC: Қазақстан – спортшыларға ең көп сыйақы берген әлемдегі ТОП-5 елдің бірі

312 просмотра
Фото: CNBC

Қазақстан – Олимпиада жүлдегерлеріне ең қымбат сыйақы берген әлемдегі ТОП-5 елдің бірі. Бұл туралы CNBC жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

CNBC Олимпиадаға қатысқан елдердің Ұлттық Олимпиада комитеттерінен, спорт қауымдастықтарынан жинаған ақпаратты сарапқа салған. Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында жүлде алғаны үшін спортшыға ең қымбат сыйақы тағайындаған ең жомарт ел - Гонконг. Қазақстан билігі де қалыс қалған жоқ: алтын медаль үшін 250 мың АҚШ доллары, күміс үшін 150 мың АҚШ доллары, қола жеңген спортшыға 75 мың АҚШ долларын тағайындап, ТОП бестікке енді.

Айта кетерлігі, Гонконг спортшылары екі алтын және екі қола жеңіп алды. Сингапур құрамасының спортшылары жалғыз қола медаль жеңді.

250 мың АҚШ долларын ұсынған Қазақстан сыйақы мөлшері бойынша ТМД елдері арасында ең жомарт атанды. Қазақстан құрамасы Олимпиаданы 7 медальмен қорытындылады.

14 тамыз, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.