Атырау, 13 желтоқсан 23:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 522.91
€ 548.85
₽ 5.05

Сержанттардың ерлігі

2 985 просмотра

7-сәуір күні таңертең полицияның кіші сержанты Рүстембек СҮНДЕТОВ пен сержант Ринат СИҒАШЕВ (суретте) суға батып бара жатқан адамды құтқарған.

ІІД баспасөз хатшысы Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, бұл оқиға сағат 11-лерде орын алған. Полицейлер Жайық өзенінің жағасын күзетіп жүрген кезде жаяу жүргіншілер көпірінен қыз баланың суға құлап түскенін көрген. Ойланбастан олардың біреуі суық суға қойып кетеді. Оның ізінен екіншісі де көмекке ұмтылады. Судың суықтығы сондай, полицейлердің өздерінің сіңірлері тартыла бастаған. Дегенмен де, жігіттер қызды жағалауға шығарып алады. Күзет машинасын шақырып, қызды облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізеді.

«26 жастағы әйел адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде, дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы тұрақты, бірақ әлі жансақтау бөлімінде жатыр, - деп атап өтті Мұхтарова. – Ал қазір көзге түскен қызметкерлерді ынталандыру туралы ІІМ-не ұсыныс дайындалуда».

Лев ГУЗИКОВ

13 сәуір 2011, 19:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.