Атырау, 20 қыркүйек 12:29
 ашықВ Атырау +14
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Иран Еуропа елдерінің өтінішін ескерусіз қалдырды

523 просмотра
Фото: AP/Abdel Kareem Hana

Еуропадағы үш мемлекеттің саясаткерлері Иранды сабырға шақырды. Бірақ Иран алған бетінен қайтпайтынын білдірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Франция президенті Эммануэль Макрон, Германия канцлері Олаф Шольц және Ұлыбритания премьер-министрі Кейр Стармер дүйсенбіде Катар, Египет және АҚШ-тың көшбасшыларының ХАМАС пен Израиль арасындағы соғысты тоқтату туралы бастамасын қолдаған.

Еуропалық көшбасшылар ХАМАС - тың саяси жетекшілерінің бірі Исмаил Ханияның өліміне кек қайтару әрекетіне бармауға, Израильге шабуыл жасап, өңірдегі шиеленісті одан әрі қоздырмауға шақырды.

Арағайындық жасап жүрген мемлекеттер тараптарды үш сатылы жоспарға көндіруге тырысып жатқанына бірнеше ай өтті. Жоспар бойынша, ХАМАС 2023 жылы 7 қазанда ұстаған тұтқындарды босатуы керек, Израиль тарапы да тұтқындағы палестиналықтарды босатып, Газадан кетуі керек. Келіссөздер бейсенбі күні жалғасын таппақ.  

Еске салсақ, Израиль мен АҚШ билігі бірнеше күнде Иран тарапынан соққы жасалады деп алаңдап отыр.

13 тамыз, 16:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.