Маңғыстау облысының табиғат қорғау прокуратурасы кәсіпкердің құқықтарын қорғады, деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, «Mирас-К» ЖШС Жер қатынастары басқармасы тарапынан жер қойнауын пайдалану саласындағы келісімшартты ұзартудан бірнеше рет бас тартуына тап болды.
Бас тартумен келіспеген кәсіпорын директоры табиғат қорғау прокурорының жеке қабылдауында болды.
Материалдарды зерделеу барысында уәкілетті орган «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің 28.02.2024 ж. күші жойылған нормаларына сілтеме жасап, кәсіпкерден қосымша құжаттарды негізсіз талап еткендігі анықталды.
Қадағалау актісімен келісімшарттың қолданылу мерзімі ұзартылды, ал кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.