Атырау, 12 қаңтар 06:36
 ашықВ Атырау -4
$ 526.81
€ 542.72
₽ 5.16

Жергілікті қамту үлесі жоғары фармацевтика өндірушілерін сатып алу кезінде жеңілдіктермен және ұзақ мерзімді шарттармен ынталандыратын болады – ҚР ДСМ

360 просмотра

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ведомство әзірлеген отандық фармацевтика өндірушілерін қолдау шараларын ұсынды. Отандық өндірістің медициналық техникасын сатып алу үшін басымдықпен «Қазмедтех» АҚ арқылы қаржы лизингінің тетігін қайта бастау, сондай-ақ компанияларды фармацевтика өндірісінде пайдаланылатын этил спиртіне акциздер төлеуден босату ұсынылды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

«Жергілікті қамту үлесін ұлғайту бойынша отандық тауар өндірушілерді ынталандыру үшін келесідей шаралар іске асырылатын болады: «тендер» тәсілімен сатып алу кезінде жергілікті қамтудың неғұрлым жоғары үлесі бар ОТӨ үшін шартты жеңілдік тетігін пайдалану және локализациялау тереңдігіне қарай ұзақ мерзімді шарттардың қолданылу мерзімдерін айқындау қажет», — деп мәлімдеді министр.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде МСАК объектілерін жобалау және салу кезінде отандық өндіріс өнімдері міндетті жарақтандыру тізіміне енгізіліп, 72%-дан астамды құрады.

13 тамыз 2024, 11:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.