Атырау, 12 қаңтар 07:11
 ашықВ Атырау -4
$ 526.81
€ 542.72
₽ 5.16

Қарағандыда экологияны ластағаны үшін ірі компания 313,9 млн теңге айыппұл төледі

193 просмотра

Қарқаралы ауданының тұрғындары қоршаған орта қауіпсіздігіне алаңдап, прокуратураға шағымданған. Осы арыз-шағым негізінде жүргізілген тексерістен соң, «Алтай Полиметаллы» ЖШС  сарқынды суларды ашық жерге ағызатыны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Кәсіпорынның Экологиялық кодекс нормаларын бұза отырып, мемлекеттік экологиялық сараптамасыз және қалдықтарды қоршаған ортаға шығаруға рұқсатсыз жұмыс істегені анықталды. Қарқаралы аудандық соты компанияны кінәлі деп танып, оған ҚР ӘҚБтК-нің 332-бабының 1-бөлігі және 328-бабының 1-бөлігі бойынша 313,9 млн теңге айыппұл салды», - деп хабарлады Қарағанды облысының прокуратурасы.

Сонымен қатар, сот орындаушысы ағынды суларды биологиялық тазарту кешенінің жұмысын бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатты.

Прокуратура мен уәкілетті органдардың үйлестірілген жұмысының арқасында заң бұзушылықтар тоқтатылды. Әкімшілік айыппұл өндірілді, компания орын алған бұзушылықтарды жою шараларын қабылдауда.

13 тамыз 2024, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.