Атырау, 12 қаңтар 06:41
 ашықВ Атырау -4
$ 526.81
€ 542.72
₽ 5.16

Абай облысы полиция департаментіндегі басқарма басшысы сотталды

521 просмотра
Сурет: t.me/egovpress

1000 АҚШ доллары көлемінде пара алған Абай облысы полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының басшысы Гүлвира Дөненбаеваға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сонымен қатар, пара беруші – Семей қаласы ПБ Көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы А. Нұрахметова мен делдал Абай облысы полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Р. Садықов та сот алдында жауап берді.

«Дөненбаева Нұрахметованы атқаратын лауазымына тағайындағаны үшін Садықова арқылы 1 000 АҚШ доллары көлемінде пара алған. Дөненбаева 4 жылға, Нұрахметова 3 жылға, Садықов 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сотталғандар арнаулы атақтардан және мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды», - делінген Семей қаласы №2 сотының баспасөз хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

12 тамыз 2024, 17:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.