Атырау, 20 қыркүйек 13:30
 ашықВ Атырау +14
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Қазақстанда 5,7 мың жас бар – министрлік

262 просмотра
Фото: freepik.com

Бүгін, 12 тамыз күні, Қазақстанда Халықаралық жастар күні атап өтіледі. 2024 жылдың басында республика жастарының саны – 5 759 781 адам. Бұл – 14 пен 35 жас аралығындағы қазақстандықтар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл ретте Мәдениет және ақпарат министрлігі жастарға арналған тұрғын үй бағдарламаларын еске салды.

Биыл наурыз айында аудиториясының 60%-ы жастарды қамтыған «9-20-25/Отау» жаңа ипотекалық бағдарламасы іске қосылды. 1 мамырдағы жағдай бойынша жас отбасылардан 16 747 өтініш берілді. Сонымен қатар 18 жастан 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар үшін еліміздің 16 өңірінде жылдық кредит бойынша пайыздық мөлшерлемесі 5%, бастапқы жарнасы 10%  және 25 жылға дейінгі мерзімі берілген жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламалары іске асырылуда, - деп жазды министрлік. 
12 тамыз, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.