Атырау, 20 қыркүйек 13:44
 ашықВ Атырау +14
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде күн ыстық болып, кей аймақта жаңбыр жауады

276 просмотра

Бүгін Қазақстанның көптеген өңірінде ауа райы тұрақсыз болмақ. Оңтүстікте аптап ыстық күтілсе, солтүстік пен шығыс аймақтарда жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды. Қатты жел мен дауыл да болуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы облысы

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Алматы қ.: 12 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады. Қонаев қ.: 12 тамызда төтенші өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысы

Күндіз Атырау облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 12 тамызда найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астана

Астана қ.: 12 тамызда күндіз найзағай күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа, батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 12 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа, батысқа ауысып соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Ақмола облысы

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысы

Күндіз Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Талдықорған қ.: 12 тамызда төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

Ақтөбе облысы

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысы

Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында найзағай, күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ.: 12 тамызда күндіз найзағай күтіледі.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дуыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында,оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, шығысында сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі. Қарағанды қ.: 12 тамызда кей уақыттарда найзағай күтіледі.

Ұлытау облысы

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысы

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 12 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі. Ақтау қ.: 12 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі. Жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Абай облысы

Таңертең және күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, онтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыстқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстгінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қ: 12 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығысытан соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысы

Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанай: 12 тамызда түнде және таңертең найзағай күтіледі.

Түркістан облысы

Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың олтүстігінде күші 15-20 м/с.

12 тамыз, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.