Атырау, 20 қыркүйек 14:45
 ашықВ Атырау +14
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

​Кішкентай қызды әуежайда тастап кеткен FlyArystan әкімшілік жазамен құтылмақ​

276 просмотра

Он жастағы егіз қыздың сыңарын бортқа кіргізбей, Астана әуежайында қараусыз қалдырып кеткен «FlyArystan» әуе компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Азаматтық авиация комитеті «FlyArystan» авиакомпаниясын кәмелетке толмаған жолаушыны авиакомпанияның рейсіне жібермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартады. Бұл - өрескел жағдай. Жолаушылардың құқығы әрқашан мүлтіксіз сақталуы керек. Азаматтық авиация комитеті, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-мен бірлесе «FlyArystan» авиакомпаниясына қатысты жан-жақты тексеру жүргізеді. Кінәлі қызметкерлер міндетті түрде жауапқа тартылады», - делінген хабарламада.

Бұдан бұрын жазғанымыздай, Қазақстандағы ірі әуе тасымалдаушы компания FlyArystan ұшағы жасөспірімді бортқа кіргізбей, Астана әуежайында қалдырып кеткен. Бұл туралы қыз баланың анасы хабарлаған болатын.

9 тамыз, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.