Атырау, 25 маусым 01:26
 дождьВ Атырау +26.3
$ 487.02
€ 552.23
₽ 6.51

Тоқаев Мирзиёевке тағы бір марапат берді

600 рет қаралды
Фото: Ақорда

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуінің кеңейтілген құрамдағы отырысынан кейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевке тағы бір марапат тақты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, кеше, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президентіне Қазақстан Республикасының ең жоғарғы мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденін таққан болатын.

Ал, Ақорда хабарлағандай, бүгін саммит соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Консультативтік кездесудің төрағасы ретінде Орталық Азия мемлекеттері басшыларының атынан Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті Құрмет белгісімен марапаттған.

9 тамыз 2024, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.