Үкімет Атырау әуежайының акцияларын жаңа иесі – Қатар компаниясына беруді мақұлдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олжас Бектенов Қаулыға қол қойды.
Оның мәтініне сәйкес, Атырау әуежайының акциялары қатарлық Qatar Investments LLC компаниясының пайдасына беріледі.
«Mağdenli Yer Hizmetleri ve Taşıma A.Ş.» компаниясына «АТМА - Атырау әуежайы және тасымалдау» акционерлік қоғамының өз меншігіндегі акциялар пакетінің 50 %-ын, сондай-ақ «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының өз меншігіндегі акциялар пакетінің 50 %-ын «QazAir Investments LLC» компаниясының пайдасына иеліктен шығару жөнінде мәміле жасасуына рұқсат етілсін», - делінген құжатта.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
9 тамыз, 15:45