Атырау, 20 қыркүйек 14:36
 ашықВ Атырау +14
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Рейс кешіктірілген кезде жолаушыларды қонақ үйге орналастырмағаны үшін "FlyArystan" жауапкершілікке тартылды

387 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Алматы – Астана бағыты бойынша рейс кешіктірілген кезде қызметтерді ұсынбауға байланысты (жолаушылар қонақүйге орналастырылмаған, жолаушыларды әуежайдан қонақ үйге дейін және кері қарай трансфер ұйымдастырылмаған) "FlyArystan" әуекомпаниясына қатысты "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 567-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, авиакомпанияға 1 000 АЕК (3 692 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды ААК.

ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті рейстердің кешігуі кезінде қызметтерді тиісінше ұсыну бөлігінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін отандық және шетелдік авиакомпанияларды жауапкершілікке тарту жөніндегі жұмыстыжалғастыруда.

Жолаушылардың құқықтарын сақтау бөлігінде заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтау Азаматтық авиация комитетінің жұмысында басымдықтардың бірі болып табылады және авиакомпаниялар тарапынан бұзушылық фактілері анықталған жағдайда көзделген шаралар қолданылатын болады.

9 тамыз, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.