Жүздесу барысында ауданның өзекті мәселелері талқыланды. Сенатор жедел шешуді талап ететін мәселелерге баса назар аударды. Атап айтқанда, бірнеше елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ететін Кереген-Сағыз су құбырының өзекті мәселесі, Мұқырдағы мәдениет үйінің жағдайы және Сағыздағы спорт алаңын жақсарту туралы айтылды.
Кездесуде Миялы тұрғындарын сумен қамтамасыз ететін Тайсойған-Миялы су құбыры, сондай-ақ Ералы су қоймасының жай-күйі туралы мәселелер де көтерілді. Көктемгі су тасқыны кезінде шайылып кеткен көпірлер мен жолдардың жағдайы да талқыланды.
Сенатор жергілікті тұрғындар көтерген барлық мәселенің маңызы зор екенін атап өтті. Ол осы мәселелерді шешуге баса назар аударды және қажетті ресурстар мен көмек тартуға жәрдемдесуге дайын екендігін білдірді.
(Сенаттың