Атырау, 23 қараша 15:48
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

NCOC Каспий теңізіндегі мұнай төгілуіне ден қою бойынша жаттығулар өткізуде

711 просмотра

Фото: ncoc.kz 
Солтүстік Каспий жобасының Операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (NCOC) компаниясы Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті, облыс әкімдігі және облыстық командалық орталықтың жұмысына қатысқан Атырау облысының әртүрлі билік органдарымен бірге 3-деңгейлі мұнай төгілімдеріне ден қою жөніндегі «Ақ шағала-2024» жаттығуын ойдағыдай өткізді, деп хабарлайды ncoc.kz.

Солтүстік Каспий жобасының Операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (NCOC) компаниясы 1 және 7 тамыз аралығында 3-деңгейлі мұнай төгілімдеріне ден қою жөніндегі «Ақ шағала-2024» жаттығуын өткізді. Жаттығу мақсаты Компанияның техникалық мүмкіндіктерін тексеру және оның қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуға бейілділігі мен теңіз экожүйелерінің сақталуын қамтамасыз етуге мүдделілігін көрсету болды. Экологиялық сезімтал өңірлердің бірінде мұнай төгілуіне байланысты сценарий үлгіленген жаттығулар NСOC компаниясында мұнай төгілімдеріне ден қоюға арналған заманауи жабдықтар мен қатаң хаттамалар бар екенін көрсетті.

Жаттығулар NCOC компаниясының Атырау облысындағы 3 өндірістік алаңын қамтыды, бұл бірнеше нысанның қатысуымен оқиғаны шындыққа негіздеп үлгілеуге және ден қою стратегияларының жете тексерілуі мен бағалануына кепілдік беруге мүмкіндік берді. Жаттығулар NCOC компаниясының мұнай төгілімдеріне ден қою жөніндегі стратегияларына және төтенше жағдайларға ден қою кезіндегі өзара әрекет ету жоспарларына байланысты процедураларына сәйкес, ҚР төтенше жағдайларға ден қою туралы, азаматтық қорғаныс туралы тиісті заңдарына және мұнай төгілуі салдарын жоюға арналған дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің ұлттық жоспарына сай өтті.

NCOC компаниясы оқу-жаттығу шеңберінде 5 тамыз күні қоғам мен жергілікті билік өкілдері үшін Қашаған кен орнын игеру жобасында мұнай төгілімдеріне ден қою үшін пайдаланылатын, мұнай төгілген жағдайда жұмылдырылатын жабдықтардың көрмесін өткізді. Дамба ауылындағы мұнайдың төгілуіне ден қою базасында төгілген мұнайды механикалық тәсілмен жинауға, диспергент қолдануға, көмірсутектерді орнында өртеуге және жабайы аңдарды құтқаруға арналған І және ІІ деңгейлі мұнай төгілімдерін жою жабдықтары көрсетіліп, олардың су бетіндегі мұнай төгілімдерін оқшаулау мен жоюдағы тиімділігіне қатысты түсініктер берілді.

Сондай-ақ көрме қатысушыларына NCOC жабдықтарының су бетіндегі жұмысы көрсетілді. Мұнай жинауыштарды, бондарды, мұнай эмульсияны жинауға арналған резервуарларды нақты уақытта өрістету, тайыз суда жүзетін ден қою кемелерінің, көмекші катерлердің жұмысы және осы арнайы жабдықтардың жаттығу кезінде көрсетілген тиімділігі NCOC компаниясының мұнай төгілімдеріне даярлық деңгейін сақтауға бейілділігін тағы бір айқын көрсетті.

Үш күнге созылған жаттығуларға негізгі мүдделі тараптар белсенді қатысып, NCOC компаниясы мен мемлекеттік органдардың тиімді ынтымақтасуы көрсетілді. Сонымен қатар акционер ExxonMobil мен Shell компанияларының салалық мамандары қолдау танытты. NCOC басқарушы директоры Джанкарло Рую жаттығулардың табысты өткені туралы сөзінде: «Бұл оқу-жаттығу мұнай төгілімдеріне ден қоюға даярлығымызды нығайту бағытында тұрақты түрде орындап жатқан жұмысымыздағы маңызды кезең болды. Каспий теңізіндегі 3-деңгейлі мұнай төгілімдеріне ден қою жөніндегі «Ақ шағала-2024» жаттығуы бізге мұнай төгілімдеріне ден қою бойынша бірлескен іс-әрекеттерімізді ойдағыдай пысықтауға мүмкіндік беріп, өзіміз жұмыс жүргізіп жатқан экожүйелерді қорғауға бейілділігімізді көрсетті», - деп мәлімдеді.

9 тамыз, 15:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.