Атырау, 23 қараша 16:05
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ҚазМұнайГаз және Air Liquide мұнай-химия зауытында сутегі жобасын іске асыру барысын талқылады

695 просмотра

9 тамызда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Air Liquide компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі вице-президенті Филипп Кристодулмен кездесу өткізді, деп хабарлайды kmg.kz. 

Тараптар Павлодар мұнай-химия зауытында сутегі өндіретін жаңа қондырғыны салу жөніндегі жобаны іске асырудың ағымдағы мәселелерін талқылады. Қуаты сағатына 12,5 мың текше метр болатын сутегі қондырғысы жылына 160 мың тонна қысқы дизель отынын шығаруға және ПМХЗ-да жеңіл мұнай өнімдерінің өндірісін арттыруға мүмкіндік береді. Жобаны ҚМГ мен Air Liquide бірлескен кәсіпорны – «Эр Ликид Мұнай Тех Газы» ЖШС (ЭЛМТГ) жүргізеді.

«Қазақстанда ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан Air Liquide корпорациясы ҚазМұнайГаздың мұнай өңдеу саласындағы сенімді серіктестерінің бірі. Біз екі компания арасындағы өзара түсіністікке толы қарым-қатынастарды жоғары бағалаймыз», - деп атап өтті ҚМГ басшысы.

Анықтама:

Air Liquide (Эр Ликѝд) — Францияның техникалық газ саласындағы химия компаниясы. Air Liquide корпорациясының әлемнің 75 елінде бөлімшесі бар.

«Эр Ликид Мұнай Тех Газы» ЖШС — 2016 жылы құрылған Air Liquide және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның бірлескен кәсіпорны, қатысу үлестері, тиісінше 75% және 25%. 2018 жылдан бері Павлодар мұнай-химия зауытында, ал 2021 жылдан Атырау мұнай өңдеу зауытында сутегі мен азот өндіретін қондырғыларын табысты жүзеге асырып келеді. Сонымен қатар, ЭЛМТГ 2021 жылдан бастап Атырау қаласының маңында орналасқан Қарабатанда жаңадан салынған азот өндіретін қондырғыда өнеркәсіптік өндірісті бастады.

9 тамыз, 13:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.