Атырау, 22 қараша 05:43
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

БҰҰ: Ресейде украин әскери тұтқындарының 95%-ы азаптауға ұшыраған

486 просмотра

Ресейде украин әскери тұтқындарының 95 пайызы азаптауға ұшыраған. Киевтегі БҰҰ адам құқығы жөніндегі бақылау миссиясының жетекшісі Даниэль Белл нидерландтық NOS телеарнасына берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді.

"Оларды металл таяқ және резеңкелермен ұрады, электр тоқпен азаптайды... 20 жылдық тәжірибесі бар маман ретінде БҰҰ атынан тұтқындардың жағдайын тексерген кезде ең жаманы осы болды. Азаптау кең таралған" деді Белл.

Оның сөзінше, азаптау тергеудің алғашқы сұрағынан басталады.

Белл абақтыдағы украин тұтқындарымен сөйлескен кездегі мәліметтерге сүйеніп отырғанын айтты.

Ресей президенті Владимир Путиннің сөзінше, Ресейде 6,5 мыңға жуық украин тұтқыны бар, ал Украинада шамамен 1400 ресейлік тұтқында отыр. Ол дереккөзін айтпады. Соғыс жағдайында тараптардың ақпаратын тексеру қиын.

Украина жағы наурыз басында екі мың ресейлік тұтқында отырғанын айтқан.

Киев Мәскеуді сонымен бірге украин әскери қызметкерлерін дарға асты деп те айыптаған. Украина бас прокуратурасының мәліметінше, соғыс басталғалы бері 110 украин азаматы тұтқынға берілгеннен кейін дарға асылған.

Ал Ресей әскери тұтқындарды азаптағанын мойындамайды.

Женева конвенциясына сәйкес, тараптар тұтқындарға тиісінше жағдай жасап, оларға дөрекілік көрсетпеуге міндетті, туыстары және халықаралық гуманитарлық ұйымдармен байланысқа шығу мүмкіндігін беруі керек.

9 тамыз, 13:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.