Атырау, 20 қыркүйек 15:35
 ашықВ Атырау +14
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Суару маусымы: Өзбекстан тағы 500 млн текше метр су жібереді

147 просмотра
Фото: gov.kz

Өзбекстан суару маусымының соңына дейін Қазақстанға тағы 500 млн текше метр су жібереді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев екі ел президенттерінің кездесуіне қатысты.

1 сәуірден бері өзбек тарапы елімізге Сырдария өзені арқылы 4 млрд текше метрден астам су жіберді.

Осыған дейін Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Өзбекстанмен жарты жыл ішінде Қазақстанға Сырдария өзені арқылы 3,7 млрд текше метр су жіберу туралы мәмілеге келген. Нәтижесінде өзбек тарапы келісілген су көлемін 4 айда жіберді.

Бұл жұмыстардың барлығы еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі шаруалардың суармалы суға сұранысын толық қанағаттандыру үшін жасалып жатыр.

Министрліктің мәліметінше, Шардара су қоймасында 1.5 млрд текше метр су бар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 500 млн текше метрге артық. Шардара су қоймасына жалпы көлемі 4 млрд текше метр су келді.

«Көршілерімізбен Тоқтоғұл және Бахри-Точик су қоймаларының жұмыс кестесін алдын ала келісудің нәтижесінде «Достық» мемлекетаралық каналының қазақстандық бөлігіне су тұрақты түрде келуде. Қазір аталған канал арқылы елімізге секундына 90 текше метр су келеді. Бұл Түркістан облысының шаруаларын суармалы сумен толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті», - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.
9 тамыз, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.