Мақат аудандық соты Мақат ауданы Доссор кентінің тұрғыны, "Ақиқат" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, қоғамдық белсенді Ғазиз ҒАБДУЛЛИНДІ "жала жабу" бойынша кінәлі деп танып, 20 күн қамаққа алған болатын.
Қызылқоға ауданы әкімі Қанат ӘЗМҰХАНОВ Ғ. Ғабдуллинді әлеуметтік желідегі "Доссор" жаңалықтары парақшасында өзінің үстінен жалған ақпарат таратты деп сотқа берді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-3 бабы 2 бөлігі (Жала жабу) бойынша сот шешімімен Ғабдуллин 20 күн қамауға алынды.
Ғабдуллиннің адвокаты оның қамауға алу кезінде қан қысымы көтеріліп, ауруханаға түскендігін хабарлаған еді. Атырау облыстық аппеляциялық соты Ғ. Ғабдуллинге қатысты бірінші сатыдағы сот шешімін ішінара өзгертіп, 20 тәулікке қамау жазасын 664 мың теңге айыппұлмен алмастырды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА