Атырау, 3 қыркүйек 00:48
 дождьВ Атырау +19.2
$ 455.40
€ 526.99
₽ 5.25

Атырауда балабақшаға жолдама алу әдісі өзгерді

1 224 рет қаралды
Ашық дереккөзден алынған сурет

Оқу-ағарту министрлігінің тарапынан әдіснамалық және техникалық проблемалар толық жойылғанға дейін 2024 жылдың 7 тамызынан бастап Атырау қаласында «Бірыңғай кезек» пилоттық жобасы тоқтатылды, - деп хабарлайды Атырау облысы білім беру басқармасы.

Осыған орай, қала бойынша бірыңғай кезектілік «INDIGO: электрондық балабақша» ақпараттық жүйесіне толық көшіріледі. 

Атап айтқанда 8 тамыз сағат 18:00-ге дейін бюллетень қалыптастыру процесі тоқтатылып, 9 тамыз сағат 00:00-ге дейін жолдама беру процесі тоқтатылады.

- Кезектілік қала бойынша құрылады, сол себепті кезек номері жоғары және төмен бағытта өзгеруі мүмкін. Жолдаманы баланың заңды өкілі Жеке кабинет арқылы «Менің өтініштерім» бөліміндегі «Жолдама алу» батырмасын басу арқылы алады, - дейді Атырау облысы білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова.

Айта кетейік бұған дейін Атырау қаласында Бірыңғай кезектілік жобасы бойынша әр отбасының қажеттіліктеріне қарай 4 балабақшаға дейін таңдауына мүмкіндік берілген еді. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

9 тамыз 2024, 12:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.