Атырау, 2 маусым 10:08
 дождьВ Атырау +15.1
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

Түркияда қазақстандықтар мінген шағын автобус аударылып кетті

579 рет қаралды
Фото: Аnterhaber.com

Түркияда ірі жол-көлік апатынан туристер зардап шекті. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жарақат алған 13 туристің қатарында қазақстандықтар да бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аnterhaber.com жазуынша, оқыс оқиға 8 тамызда болды. Ресейлік және қазақстандық туристерді тасымалдаған шағын автобус жол апатына ұшырады.

«Апат бүгін таңертең сағат 07:00 шамасында Милас пен Бодрум арасындағы тас жолда болды. Жүк көлігі ресейлік және қазақстандық туристер отырған шағын автобуспен соғысқан», - делінген басылымның хабарламасында.

Апат орнына жедел жәрдем, полиция, өрт сөндірушілер келген.

Басылымның хабарлауынша, 13 турист Милас ауруханасына жеткізілген. Жергілікті полиция жол-көлік оқиғасы бойынша тергеуді бастады.

Милас – Бодрум әуежайынан 10 км қашықтықта орналасқан, Мугла провинциясының құрамына енетін аймақ.

8 тамыз 2024, 16:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.