Атырау, 20 қыркүйек 15:41
 ашықВ Атырау +14
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Парижде Олимпиадаға барған Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы кенеттен көз жұмды

357 просмотра
Фото Gov.kz

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарына барған Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин кенеттен қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақпаратты ҚР Туризм және спорт министрілігі растады.

"Өкінішке қарай, Парижде Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллиннен айырылып қалдық. Оның кенеттен жүрегі тоқтап, қайтыс болды", - деді ҚР Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі Диас Ахмет.

Ерден Рашидұлы Алматы қаласының спорт басқармасына қызметке 2022 жылдың мамыр айында келген. Оған дейін Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.

8 тамыз, 14:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.