Атырау, 18 желтоқсан 23:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

"Айбек Нұғымаров - «Қазақстан барысы»!". "Шешенстан Ресейдің құрамынан шыға ма?!". "Ақтөбедегі Қазақстан–Қытай бірлескен кәсіпорны: Жаңаөзен қайталана ма?".

2 197 просмотра

AZATTYQ.ORG. "«Онлайн-курс» білім беруде революция жасай ма?" - АҚШ профессорлары интернет арқылы онлайн-дәрістер оқып жүр. Әдетте оны «онлайн-курстар» дейді. Ал мамандар оны «оқу-ағарту төңкерісі» деп те айтады.

KAZAKHSTANZAMAN.KZ. - "Шешенстан Ресейдің құрамынан шыға ма?!" - Ресейліктердің төрттен бірі, яғни, 24 пайыздан астамы Шешенстанның Ресей құрамынан шыққанын қалайды. Бұл туралы «Левада-орталығы» жүргізген сауалнама қорытындысы мәлімдейді.

"Біз білмейтін Кеңестің геноцид зұлымдығы" - Мичиган университетінің антропологы, доктор   Кэтрин Берд  1944-1947 жылғы саяси қуғынның құрбандары жерленген   Тускуленской қорымында 2012 жылдың аяғынан бастап ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын.

ZHEBE.COM. "Айбек Нұғымаров - «Қазақстан барысы»!" - Сонымен,  елді шуылдатқан  «Қазақстан барысы» жарысы аяқталды. Қазақ күресінен өтіп жатқан бұл жарыс бұрыңғылардан өзгерек болды. Жеңімпаз шығысқазақстандық Айбек Нұғымаров. Ал, жарыстың өзгешелігі даулы болуында еді.

ALASHAINASY.KZ. "Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Қазақтың кең даласын орманға айналдыру қажет" - Негізі, бас кезінде Астананың сазында ағаш өседі дегенге ғалымдардың өздері де сенбеген екен. Алайда бүгінде сан алуан технологиялардың арқасында елорданың айналасындағы жасыл желек гүл жайнап, орманға айналып келеді. Осыдан екі жыл бұрын отырғызылған көшеттер 1,5-2 метрге дейін көтерілсе, бұдан бұрын егілген талдар нуға айналып келеді.

EGEMEN.KZ. "«Қашаған» құрықтаған Қазақстан" - «Қашаған» кенішінен өндірілген мұнай құбыр арқылы «Болашаққа» тасымалданады. Бұл –Солтүстік Каспий жобасы аясында бой көтерген ең ірі мұнай мен газды кешенді дайындайтын қондырғы. Қондырғы деген аты болмаса, ірі зауыттардан еш айырмашылығы жоқ. Оған мына деректерді дәлел ретінде көлденең тартуға болады. Қондырғының ұзындығы 2,5 шақырымға созылып жатыр. Енінің өзі 1,4 шақырымға жетсе, қондырғы орнатылған жердің жалпы аумағы 350 гектарға тең деп түсіндіреді.

ABAI.KZ. "Қазақ жеріндегі Ресей полигондары жабылсын!" - Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасы аймағындағы әскери полигондары жергілікті тұрғындарға орасан зиян келтіруде. Полигондарда сынақтан өткізіліп, жарылып жатқан зымырандардың қатерлі уы қарапайым халыққа әсер етуде.

"Ақтөбедегі Қазақстан–Қытай бірлескен кәсіпорны: Жаңаөзен қайталана ма?" - Жер бетінде Қытай экспансиясы туралы жиі айтылып жүр. Және оның бәрі негізсіз емес. Бүгін осындай жағдай Ақтөбедегі Қазақстан–Қытай бірлескен кәсіпорнында, дәлірек айтқанда, «Ұлы қабырға» ЖШС-де орын алған. Қазақстанда құрылғанына он жылдан астам уақыт болған «Ұлы қабырғада» («Великая стена») бүгін қазақ жұмысшыларына қатысты көп жағдай ушығып тұр деуге болады.

MASA.KZ. "Қазақстандағы БАҚ - бақ па, сор ма?" - Өткен ғасырда өмір сүрген саяси қайраткер орыс ақпарат құралдарының ықпалы туралы былай деген екен. «Егер бірінші дүниежүзілік және азамат соғысында Ресей атты әскері, екінші дүниежүзілік соғыста танктері жеңсе, үшінші дүниежүзілік соғыста бұқаралық ақпарат құралдары жеңетін болады» деген.

SERKE.ORG. "Елбасы: Қазақстанда саяси қудалау жоқ" - «Бізде саяси қудалау жоқ. Егер біреулер түрмеде отыр десеңіз, аты-жөнін атаңыз, ол жәй бос сөз», - деді Н. Назарбаев дүйсенбі күнгі баспасөз мәслихатында, британиялық журналистің Қазақстандағы адам құқықтары туралы қойған сауалына.

TURKYSTAN.KZ. "ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫ: ҚОРҒАЙ МА, ӘЛДЕ ҚОРЛАЙ МА? Жыл басынан бері мыңнан астам полицей заң бұзған" - Полицейлер адамдарға қызмет етудің орнына, басқаларға жалданып кеткен. Сенім қайдан болады?!» деп ашуланған Елбасы азаматтардың құқық қорғау саласы қызметкерлеріне сенбейтінін ашық айтты.

1 шілде 2013, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.