Атырау, 19 желтоқсан 00:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Шыңжаңдағы қақтығыстың себебі әлі анық емес". "Қазақстанда шенеуніктің шын байлығын білу қиын". "Құпия сандық» құлдыраудың алдында Швейцария банктеріне кім шүйлікті?". "Көксегенi көп екен. Перуашев Бәйменов кадрларын ысырып тастады. Неге?".

1 812 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Шыңжаңдағы қақтығыстың себебі әлі анық емес» - Ақпарат құралдары 26 маусым күні Қытайдың Шыңжаң өлкесінде 27 адам мерт болғанын хабарлады. Шетелдегі ұйғыр белсенділері ол оқиғаның себебін тексеруді талап етеді.

«Қазақстанда шенеуніктің шын байлығын білу қиын» - Қазақстанда кей шенеуніктер кіріс және мүлік декларациясын жариялай бастады. Ал мамандар «шенеунік мүлкін анықтау мүмкін емес» дейді.

TURKYSTAN.KZ. «Құпия сандық» құлдыраудың алдында Швейцария банктеріне кім шүйлікті?» - Бұл әрекет негізсіз емес, әрине. Өйткені Швейцария елі 300-ден астам банктің арқасында ЖІӨ-ді бір деңгейде ұстап, тұрақты экономика мен халықтың әлеуметтік ахуалын оңтайлы қалыптастырып отыр. Америкалық The New York Times газетінің интернет-порталында осы мәселе қайта көтерілді.

«Түрік әлемі көсемінің арманы» - Кеңес заманында есімін ауызға алуға тыйым салынды, ұрпақтар жадынан мәңгі өшуге тиіс болды. Туған халқының ғана азаттығы емес, исі түрік баласының қамын жеген қайран ер, аса көрнекті қайраткер Мұстафа Шоқай бәрібір ұрпақтар жадында, сананың түкпірінде екен.

«Қазақстан полициясы: қорғай ма, әлде қорлай ма? Жыл басынан бері мыңнан астам полицей заң бұзған» - «Заң бұзған полицейді жұрт көзінше жазалау керек».ҚР Ішкі істер органдарының мыңнан астам қызметкері қылмысты бүркемелегені және статистиканы бұрмалағаны үшін жазаға тартылды.

ZHASALASH.KZ. «Көксегенi көп екен. Перуашев Бәйменов кадрларын ысырып тастады. Неге?» - Азат Перуашев Ақтөбеге үн-түнсiз келiп, шұғыл түрде конференция өткiзiп, “Ақжолдың” облыс­тағы жетекшiсi   Iзiмғали Көбе­новтi орнынан тайдырды. Қаладағы биз­нес орталықтардың бiрiнiң мә­жiлiс залында бiздiң көзiмiз үйренген белсендiлер емес, су жаңа бiр-бiрiне ұқсас қыз-жiгiттер отырды

EGEMEN.KZ. «Алтайдағы «Ақ күнгейті» - Сәті түскен сапар болды. Күтпеген жерден жолға жиналдық. Қытай Халық Республикасының Іле Қазақ автономиялы облысына қарасты Алтай аймағына бағыт ұстадық. Нақтылап айтсақ, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының аумағындағы Алтай тауының биік аңғарына орналасқан табиғаты жан баурайтын жайлауда орын теуіп, іске қосылғалы жатқан «Ақ күнгейті» қазақ этнографиялық сая­жайын тамашалаудың мүмкіндігі туған еді.

ALASHAINASY.KZ. «Ару Жайықтың жағасы «бомждың» болды панасы...» - Шілденің шіліңгір ыстығы биыл оралдықтарға оңай тимейін деп тұр. Өйткені көпшіліктің суға шомылатын сүйікті орны – Жайықтың жағасы қаңғыбастардың панасына айналып барады.

NAMYS.KZ. «Сейт ЗАХАН. Өнім шығарушыларды қатаң бақылауға алу керек» - Отарлану кезінде ұлан-байтақ жеріміздің экологиялық бүлінуімен санамыздың уланып сансырауының қатар жүрілуі, өткен ғасырдың 20-30 жылдары қолдан жасалған аштықтан тең жарымынан айрылып онсыз да қасіретті  күй кешкен халқымызды рухани құлдырауға алып келді. Соның салдарынан «малым арымның садағасы, арым жанымның садағасы» дейтін бабалар ұстанымын да жоғалтып алдық.

MUSLIM.KZ. «Табысқа жетудің тиімді жолы…» - Бұл дүниеге сынақ үшін келген адам баласының ең үкен қалауы табысқа жету болса, ең үлкен қорқынышы да – тапқан табысынан айрылып қалу. Ақырет табысына жету немесе жете алмау осы өмірдегі іс-әрекетімізгі қарай болмақ. Алайда, адамдар сенімдеріне қарай жетістікке жету мәселесін әрқалай түсінеді.

ZHEBE.COM. «Майқапшағай: Кеденшілердің мәдениеті төмендеп тұр» - Өз еліміздің кеденшілері ғой. Бұлай кемсітіп, төмендете беру де дұрыс болмас. Олардың жоғарыдан көрінетін «қасиеттері» де бар. Мәселен, Майқапшағай кеден қызметкерлерінде намыссыздық, ынсапсыздық, жемқорлық та жоғары. Иә, көпті жамандағалы отырғаннан аулақпыз. Қызметкерлердің ішінде үлгілі, қызметтік этикасы жоғары адамдар да бар шығар. Бірақ, басым бөлігі халықтан жаңағыдай мінездеме алып жатқан кеденшілерге жанымыз күйінгеннен ғана осылай айтуға тура келіп отыр. «Халық айтса қалт айтпайды». «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады».

28 маусым 2013, 09:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.