Атырау, 23 қараша 22:21
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Суды кім лайлайды

700 просмотра

Неліктен Атырау облысындағы екі ауданның тұрғындары көктем басталғалы сарғыш түсті суды тұтынуға мәжбүр екенін «АЖ» тілшісі анықтауға тырысты.

Естеріңізге салсақ, қазіргі таңда Жылыой және Исатай аудандарының тұрғындары сапасыз ауыз судан зардап шегіп отыр. Судың бөгде иісі бар, түсі сарғыш, бірақ адамдар оны ішуге, онымен жуынып, киім-кешектерін жууға мәжбүр.

Бұған дейін «Жылыойсу» КМК директорының міндетін атқарушы Батыр ШӘКІРҰЛЫ Қиғаш өзенінен келетін техникалық суды «Магистралды суағызғы» ЖШС жеткізіп, КМК су сору станциялары арқылы тұрғындарға таратылып жатқанын айтқан болатын. «Жылыойсу» директоры су сапасының нашарлығына су тазарту қондырғыларының жоқтығын алға тартты. Облыстық экология департаменті салған «Магистралды суағызғы» ЖШС алдындағы 400 миллионнан астам және мемлекет алдындағы 272 миллион теңге қарызы КМК-ның онсыз да мүшкіл жағдайын қиындатып отыр.

Облыстық СЭБ департаментінің санитариялық дәрігерлері облыстың екі ауданындағы – Исатай және Жылыой аудандарындағы су тазарту қондырғылары мен су айдау станцияларындағы ахуалды зерделеді. Олардың болжамы бойынша, су сапасының нашарлауына «Астрахань-Маңғышлақ» су құбыры жүйесінің жаңадан енгізілген учаскесі себеп болған.

«Астрахань – Маңғышлақ» 2-ші магистральды су құбырының құрылысы жобасы 2023 жылдың желтоқсан айында аяқталды. 151 км құбыр ауыстырылды (56-207 км учаскесі). 6 мамырдан 13 мамырға дейін бірінші ескі жүйе тоқтатылып, жаңа 2-жүйемен су беру басталды».

Әрі қарай жауапқа сүйенсек, су беріле бастаған бойда оның сапа сәйкессіздіктері бірден байқалған.

«24 мамырдан бүгінге дейін «Жылыой су» ЖШС, «Жылыойсу» КМК, «Магистралды суағызғы» ЖШС-нің алынған су сынамаларында су гигиеналық талаптарға сай емес», - деп жазады СЭБ департаменті «АЖ»-ға берген жауабында.

Мысалы, органолептикалық көрсеткіштер бойынша, яғни түсі мен лайлылығы бойынша СЭБ зерттеулері мынаны анықтады: егер қалыпты түс мәні 20 градус болса, іс жүзінде ол 200 градусқа дейін жетеді. Лайлылығы бойынша да солай: норма бойынша 1,5 мг/л болса, іс жүзінде 16,4-34 мг/л. Айтпақшы, мамыр айында бұл суда темір мөлшерінің шамалы ауытқуы анықталған еді. Зерттеулер көрсеткендей, 0,8 мг/л болды, ал норма 0,3 мг/л аспауы керек. Мамандар алынған су сынамаларынан зиянды қосылыстар таппағаны қуантады.

«Магистралды суағызғы» ЖШС судың жаңа учаске бойынша, оның ішінде СЭБ көрсеткен 56-дан 207 шақырымға дейінгі бөлігінде берілетінін растады.

«Магистралды суағызғы» ЖШС директоры Вячеслав РОЩЕПКИН түсіндіргендей, құбырлардың жаңа учаскелері пайдалануға берілген кезде су сапасының өзгеруі қалыпты құбылыс және бұған жол беріледі. «Жаңа учаскенің айтарлықтай ұзақтығын ескерсек, мұндай өзгерістер ұзақ уақыт сақталуы мүмкін», - деді ол өз жауабында.

Мұндай нәрселерге жол беріле ме, жоқ па, оны тұтынушылардан сұраған дұрыс. Олар адам үшін өмірлік маңызды ресурстың сапасы кем дегенде «норма» белгісінде болуы керек деп санайды.

Естеріңізге сала кетейік, бір кездері облыс әкімі Серік ШӘПКЕНОВ тұрғындардың арыз-шағымдарына жауап беріп, енді бұл мәселені жеке бақылауына алатынын айтқан болатын. Тіпті, мамырдың аяғында, 26-сы күні осы тақырыпта шұғыл жиын өткізді. Жиында қалыптасқан жағдайдың себептері де айтылды.

Белгілі болғандай, қосақ құбырды пайдалануға беру кезінде (Астрахань – Маңғышлақ су құбырының негізгі тармаққа параллель тартылған магистральдық  құбыр учаскесі) су тазарту қондырғыларына лайлылығы жоғары судың келуіне байланысты су тазарту құрылымдары суды тазартуға үлгермеді. Осылайша Құлсары қаласы мен басқа елді мекендер осындай сападағы суды ала бастады.

Сол кезде облыс әкімі судың лайлануының жоғарылау себептерін жою бойынша шаралар алуды  – жинақтаушы резервуарлардан лай суды ағызуды, сондай-ақ суағызғыны тазарту үшін магистральдық желіден суды ағызуды тапсырды. Бірақ бұл, шамасы, облыс басшысы ойлағандай оңай әрі жылдам болмады. Өйткені көп уақыт өтсе де су әлі лайлы. Алайда СЭБ «AЖ» жауабында көрсеткіштердің сәл жақсарғанын мәлімдеген еді.

Ал, инсайдерлік ақпарат бойынша, қазір «Магистралды суағызғы» ЖШС-не қатысты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Біз Атырау облыстық прокуратурасынан нақты қандай бап бойынша қозғалғанын білуге тырыстық. Біздің сауалымызға ведомство прокурорға «өз өндірісіндегі материалдардың мәні бойынша ешқандай түсініктеме бермеу» құқығын беретін «Прокуратура туралы» конституциялық бапқа сілтеме жасады. Бірақ жауаптан бейресми ақпарат көздерінен алынған ақпараттың дұрыс екені және «Магистральдық суағызғыға» қатысты іс құқық қорғау органында қаралып жатқаны белгілі болды.

Ендеше, Атырау облысының Құрманғазы, Исатай және Жылыой аудандарындағы тұтынушыларды орталықтандырылған сумен қамтамасыз ететін бірден-бір орталықтандырылған ««Магистралды суағызғы» ЖШС-нің өзіне де қысқаша тоқталсақ. Оған Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы, Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия, Түпқараған аудандары да тәуелді. ЖШС құрылтайшысы әрі жалғыз қатысушысы - «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы.

Суағызғының негізгі мақсаты – Батыс Қазақстанның мұнай кен орындарын сумен қамтамасыз ету. Мұнай өндіруші ұйымдарданТШО, NCOC және ҚМГ компаниялар тобы су көлемін көп тұтынады. 

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

22 шілде, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.