Атырау, 23 қараша 23:06
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау облысында ауыр диагнозы бар балалардың саны өскен

1 046 просмотра
Аутизм спектрі бұзылған ерекше балаларға арналған «Айна Like» мемлекеттік жарты күндік стационары

«АЖ» тілшісі Атырау облысында тұратын балалардың 2023 және 2022 жылдардағы аурушаңдық деңгейін салыстырып, ауыр диагнозбен ауыратын жас науқастар санының жыл сайын қалай артып келе жатқанын анықтады.

Атырау облысында 2023 жылдың есебі бойынша 16 жасқа дейінгі мүгедектіктігі бар баланың саны - 3 453. Оның ішінде 3 жасқа дейін 295 бала диспансерлік есепте тұрады. Аутизм диагнозымен диспансерлік есепте 416 бала, ал психикалық дамуының тежелуі бойынша (ЗПР) 159 бала диспансерлік есепте тұр. Бұл - «АЖ» ресми сауалына Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы Қайсар Абдалиевтың қолы қойылған жауабы. Оның жауабында келтірілген ақпаратта өңірде ауру балалардың саны өсіп отырғаны байқалады.

Біз 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырыпе, мынадай жағдайды анықтадық. 2023 жылы балалардың бойындағы туа біткен ауытқулар (ақаулар), деформациялар және хромосомалық бұзылулар бойынша тіркелген ауру саны 1150-ды құраған. Ал 2022 жылғы статистика 1 084 болған. 

Былтыр жүйке жүйесінің ауруларымен ауыратын 1133 бала тіркелген. Ал олардың саны 2022 жылы 1075 болған. Олардыңішінде 207 бала эпилепсия диагнозымен, ал балалар сал ауруы (ДЦП) бойынша - 686 бала диспансерлік есепте тұр.

2023 жылы психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бойынша 237 бала тіркелсе, 2022 жылы 201 бала тіркелген.

Былтырғы жыл қорытындысы бойынша 154 бала тыныс алу органдарының ауруларымен есепте тұр. Ал 2022 жылы олардың саны 139 болған.

Ал былтыр эндокриндік жүйенің аурулары, тамақтанудың бұзылуы және метаболикалықбұзылуларбойынша 145 бала есепте тұрса, 2022 жылы143 бала болған.

2023 жылы құлақ және мастоидты процесс ауруларымен 107 бала ауырып, есепке алынған. Ал 2022 жылыолардың саны 112-ні құраған.

Көз ауруларыбойынша 99 былы былтыр тіркелсе, 2022 жылы бұл диагнозбен 107 бала тіркелген.

Қатерлі ісік ауруымен 2022 жылы есепте 88 бала тұрса, 2023 жылы бұл көрсеткіш жеті балаға артып, 95 балаға жеткен.

Былтыр иммундық механизмнің қатысуымен қан, қан түзетін органдар аурулары және жекелеген бұзылулар бойынша 41 науқас бала тіркелген. Ал олардың саны 2022 жылы 39-ды құраған.

Ас қорыту жүйесінің ауруларыбойынша былтыр 35 бала тіркелген. Ал 2022 жылы олардың саны 37 бала болған.

Ал биыл шетінеген нәрестелер саны бойынша Абдалиев пайыздық көрсеткішпен жауап берген. Пайыздық көрсеткіш біз сұраған нақты статистиканы көрсетпейді. Бұл - ақпаратты шектеу не жасыру деп қабылдадық. Жауап мәтінін өзіңіз де оқып көріңіз: «2024 жылдың 5 ай қорытындысы бойынша шетінеген 0-1 жасқа дейін балалар саны – 8,2 % пайызды құраса, өткен жылмен салыстырғанда 1 % пайызға төмендеп отыр ( 2023 жылдың 5 ай – 9,2 %)».

Ал мынау нәрестелердің шетінеу себебін сұрағанда берілген жауабы:

«1-Нәрестелік кезеңдегі себептерден (P12,0-91,8); 2 - Пневмония (J18- J96,0); 3 -өкпенің гипоплазия и дисплазиясы, сепсис болып табылады». Бұл жерде енді сәбилердің шетінеп кетуіне пневмония мен өкпе аурулары негізгі себеп екенін түсінуге болады. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

17 шілде, 16:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.