AZATTYQ.ORG. «Кәсіпкерлер үкіметке тәуелді болудан қауіптенеді» - Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы бойынша үкімет жалпыұлттық кәсіпкерлер одағының құрылтайшысына айналғалы тұр. Бірқатар кәсіпкерлер бір ұйымға мәжбүрлі түрде кіргісі келмейді.
«Обама климаттың өзгеруімен күрес жоспарын ұсынды» - АҚШ президенті Барак Обама көмірқышқыл газын шығаруды азайту, энергия көздерін сақтау және климаттың өзгеруі салдарына дайын болуға қатысты жоспарды ұсынды.
«Тәжікстанда табыс таппақ болған нигериялықтар» - Тәжікстанда футболшы ретінде карьера жасамақ болған бір топ нигериялық «делдалдар бізді алдап соқты» деп арызданып соттасып жатыр.
«Экс-премьер теледидар көруді армандайды» - Грузияның бұрынғы премьер-министрі, «қызметтік лауазымын асыра пайдаланғаны үшін» сот үкімін күтіп түрмеде жатқан Вано Мерабишвили бірнеше талап қойып, қысқа мерзімге аштық жариялады.
ZHASALASH.KZ. «Бай баласы мен жарлы баласы» - Шенеунiктер сынға түсiп, “А” корпусында жұмыс iстеуге лайықты ма, лайықсыз ба, таразыланды. “А” корпусына кiретiн лауазым иелерi – қала және аудан әкiмдерi, облыс әкiмдерiнiң орынбасарлары, комитет төрағалары сынды орындарда қызмет iстеп жүрген мемлекеттiк қызметкерлер дәл мектеп түлектерi секiлдi тест тапсырып, мемлекеттiң, халықтың алдында бiлiмi мен бiлiгiн дәлелдеп бақты.
«Ту сыртынан ату немесе досқа қастық қазақ киносы үшiн “модаға” айналған ба?» - Бiз ел басына күн туған алмағайып заманда қандыкөйлек досына қастық қылған қазақ батырын естiген емеспiз. Егер ондай адам болса, қазақтың батыр халық екенi өтiрiк. Тiптi жорықта жүрiп өлiм құштырды дегеннiң өзiнде даланың ерлерi ту сыртынан семсер сiлтемей, қасқайып тұрып, мәселенi қылышпен шешсе керек-тi.
EGEMEN.KZ. «Валерий ГАНИЧЕВ: Жаңа Ресейге сенімімді жоғалтпаймын» - Оқырмандардың аға буынының Қазақстандағы өкілдері де Валерий Ганичевті жақсы біледі. Оның танымал «Молодая гвардия» баспасының директоры, «Комсомольская правданың», «Роман-газетаның» бас редакторы болған кездері біздің есімізде.
ABAI.KZ. «Бурабайға қай ел үстемдік етеді: Қазақ па, орыс па?» - Өз тілінде өз азаматтарына қызмет етуді талап ете алмайтын мемлекет миллиондаған шетелдік азаматтар мен жиһанкездерге қандай деңгейде қызмет етпек? Бұл мәселе ашық күйінде келе жатқалы талай жылдың жүзі болды. Өзгеріс өте баяу әрі болмашы ғана.
AIKYN.KZ. «Қиын өмір қайткенде жеңілдейді?» - Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Гүлнар Ықсанованың жетекшілігімен «Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар мен жастарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін жетілдіру туралы» кеңейтілген отырыс өткізді.
«Журналистің не жазығы бар?» - Шымкентте шу шықты. «Ел бірлігі» газетінің журналисін аудандық мәслихаттардың депутаттарының бірі сабап тастапты. Не үшін?!
NAMYS.KZ. «Тоғайбай НҰРМҰРАТҰЛЫ. Жүкештің білімінен қазаққа не пайда?» - «Дат» газетінің 2013 жылғы 22 санындағы Қанағат Жүкештің берген сұхбатын окысам, әлі де ата-бабасын надан санағанын қоймапты. Әрине, оның ата-бабасы надан болса одан туған ұрпақ қайбір оңар дерсің. Кезінде Парламент депутаты Б. Тілеухан мырза мәжіліс төрінен 11-інші сыныпқа арналған “Адам және қоғам” кітабындағы: «Шығыс билеушісі ұзақ уақыт елді басқарып, әлеуметтік саяси сипаттағы мәселелердің ешқайсысын оңды шеше алмаса да, ол кезекті сайлауға түседі, және саяси қарсыласынан басымдықпен жеңіске жетеді.
BAQ.KZ. «Н.Назарбаев: Семей полигоны аумағы радиациядан ада» -– Нұрсұлтан Назарбаев Семей полигоны аумағын пайдалануға болатынын мәлімдеді. Көптеген ғалымдардың пікірінше, Cемей полигонындағы мыңдаған гектар жер мен оның астындағы пайдалы қазбалар радиациядан ада және оларды толығымен пайдалануға болады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
«Серікбол Шаймарданұлы: Электронды бесік жасап, аналардың жұмысын жеңілдеттім» - Серікбол – жас өнертапқыш. Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті. Ол жақында электронды бесік жасап шығарды. Бесіктің ерекшелігі – бала жылай бастаған сәтте, өздігінен тербетіле бастайды екен. Ғажайып-бесіктің авторы осы еңбегі арқылы «аналардың жұмысын жеңілдеттім» дейді.
31.KZ. «Өзбекстан президенті өзге елдегі өзбектерді "жалқаулар" деді» - Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов өзге елде жұмыс істеп жүрген өзбектерді "жалқаулар" деп мәлімдеді. Несібесін сырттан іздегендерге деген жиіркенішті сезімін де жасырмады президент. Ислам әканың мұндай қатқыл мәлімдеме жасауына не түрткі болғаны әзірге белгісіз. Ал Қазақстанда күнін көріп жүрген ала шапанды ағайындылар басшыларының бұл сөздеріне шамданып, тіпті азаматтығын ауыстырып жатыр.
QAZAQUNI.KZ.«Салықтан қашып, офшорды паналағандар тізімі» - Олардың ішіндегі Н.Қаппаров отставкаға кете ме, әлде министр болып отыра бере ме? CA-NEWS(KZ) хабарлағандай, Халықаралық Зерттеуші журналистер Консорциумы (ICIJ) сайты әлемге әйгілі болған офшор иелері тізімін жариялады. Олардың ішінде 64-і қазақстандық бай-бағландар. Ішінде министр де, миллиардерлер де, сенатор да, банкирлер де, кәсіпкерлер де, бәрі бар.