Атырау, 22 желтоқсан 20:41
 бұлттыВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Атырауда қарақұрт шаққан екі бала ауруханаға түсті

1 158 просмотра

Жаздың алғашқы айында баланы қарақұрт шаққан үш жағдай тіркелді. Барлық жағдайда балалар жеке үйдің ауласын тазалап, бақшада өнім теруге көмектесіп жүргенде орын алған. 

Қарақұрт шағып алған екі бала Атырау облысы балалар ауруханасының жан сақтау бөлімшесіне орналастырылды. 

"Балалардың жағдайы бірқалыпты, қазір олар палатаға ауысты. Бір бала емделіп, ауруханадан үйіне шықты. Егер сіз қандай жәндік шағып алғанын білмесеңіз, дереу медициналық көмекке жүгінгеніңіз жөн", - дейді облыстық аурухананың иммунологы Тәбие ЕЛШІБЕКОВА.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Облыстық балалар ауруханасы ұсынған сурет

9 шілде, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.