Атырау, 22 желтоқсан 18:30
 бұлттыВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті

1 369 просмотра

Қарақұрт шаққан 397 ойсылқара тұқымының 63-і өлген.

Атырау облысының Индер, Исатай және Құрманғазы аудандарында қарақұрт қаптауына байланысты ветеринариялық емдеу іс-шаралары жүріп жатыр.

Атырау облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының ресми өкілі Ақтілек Нұроллаеваның айтуынша, қазір зиянкес Индер ауданының Өрлік, Көктоғай, Есбол және Елтай ауылдарын қаптады. 217 бас түйеге симптоматикалық ем жасалды. Қалғанына ем-дом әлі жалғасып жатыр. Ауырған және аурудан өлген жануарлардың қанынан сынама алынып, облыстық ветеринариялық зертханаға тапсырылды.

Алғашқы жағдай 29 мамырда тіркелді. Барлығы тоғыз адамды шаққан, оның жетеуі - ересек адам және екеуі 7 және 15 жастағы мектеп оқушысы. Қазірдің өзінде сегіз ауыл тұрғыны стационарлық ем алса, бір адам амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Ал біреуі ауруханаға барудан бас тартты. Ауруханаларда қарақұрт уына қарсы дәрі жеткілікті.

Ауыл шауашылығы басқармасы емдік шаралардың ақысы мен өлген малға өтемақы төлеу қарастырылмағанын нақтылады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

4 шілде, 00:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.