Атырау, 18 желтоқсан 23:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

"Жазаның жеңілі болмауы тиіс". "Қазақ бәріне ұқсағысы келеді, тек өзіне ұқсағысы келмейді". "Әблязов пен оның серiктерiнiң жолы екiге айырылды". "Қазақтың тарихын кім көрінген жазып жүр ме?".

2 106 просмотра

AIKYN.KZ. «Жазаның жеңілі болмауы тиіс»  - «Халық қаһарманы», сенатор Мұхтар Алтынбаев педофилдердің көзін жою керек деп санайды. Қайрат Мәмидің төрағалығымен өткен Сенаттың кешегі жалпы отырысында Әділет министрінен жас балаларды зорлап, тояттағандарға қатысты жазаны күшейтуді қолдауын сұрады.

ALASHAINASY.KZ. «Қазақ бәріне ұқсағысы келеді, тек өзіне ұқсағысы келмейді» - «Жеңгелерім әлі күнге «Мырзажан» деп, атымды атамайды. Бұл ұлттың сыйластығын, мәдениеттілігін білдіретін асыл қасиет емес пе?! Ал біз неге сол ғажайып ұстанымымыздан айрылып қалдық? Еліктегіштігіміздің арқасында айрылып қалдық. Шын мәнінде, біз еліктеп жүрген ұлттарда ондай асыл қасиеттер мүлдем жоқ. Қазақ бәріне ұқсағысы келеді, тек өзіне ұқсағысы келмейді.»

AZATTYQ.ORG. «ДДСҰ: Әйелдердің үштен бірі тұрмыста жапа шегеді» - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) деректері бойынша, әлемде әйелдердің үштен бірі әртүрлі зорлық-зомбылық көреді.

«Ауған парламентіндегі әйелдер орнынан айырылмақ» - Ауғанстан әйелдерінің саяси оқиғаларға қатысу құқығы елдің жаңа конституциясы мен сайлау заңнамасы бойынша қалпына келтіріліп, қорғалып келген еді. Енді соның өзіне қауіп төніп тұр. Ауғанстан парламентінің жоғарғы палатасы қазір «аудандық және жергілікті орынның 25 пайызы әйелдерге арналсын» деген бөлімі жоғалып кеткен заң жобасын талқылап жатыр.

EGEMEN.KZ. «Юрий Александров: «Біржанды өлімге қимадым» - Бүгін премьера!  Еліміздегі ең айтулы театрдың, яғни, «Астана Опера» театрының ашылуына орай «Біржан-Сара» операсының тұсаукесері өтпек. 70 жылға жуық уақыттан бері қаншама рет қойылған ең алғашқы ұлттық операмызды бүгін ресейлік атақты режиссер, әлем сахналарының талайында жұмыс істеп жүрген Юрий Александров қоймақ. Тұсаукесердің алдында ол астаналық журналистердің сұрағына жауап берген болатын. Соны ықшамдап ұсынып отырмыз.

ZHASALASH.KZ. «Әблязов пен оның серiктерiнiң жолы екiге айырылды» - Кеше ғана арасынан қыл өтпес достар болған Әблязов пен оның серiктерiнiң iргесi ажырады. Ағайынды Кетебаевтардың iзiнше “Республика” басылымының иесi Ирина Петрушева Әблязовпен жолы екiге айырылғанын мәлiмдедi. “Деловая неделя” газетiне берген сұхбатында ұзақ жылдар Мұхтар Қабылұлының сенiмдi серiгi болған И.Петрушева: “Мен көп жылдан берi Әблязовтi қолдап келдiм. ДВК кезiнен бастап түрмеде отырған ауыр күндерiнде, тiптi “БТА Банкiнен” қаржы жымқырды деп айыптағанда да қолдау бiлдiрдiм. Ал қазiр бiздiң жолымыз екiге айырылды. Қаншалықты қаңырағанын өмiрдiң өзi көрсетедi”. Әрi бұл сұхбатында Петрушева “ортақ БАҚ” деп танылған “Республиканың” меншiк иесi – Әблязов емес, өзi екенiн мойындапты.

SERKE.ORG. «Қазақтың тарихын кім көрінген жазып жүр ме?» - Соңғы кезде еліміздің тарихына қатысты түрлі сыни пікірлердің айтылып жүргені анық. Бұдан бір-екі жыл Елбасы Н.Назарбаевтың өзі Қазақстан тарихының оқулықтарда көрініс табуына көңілі толмайтындығын айтқан болатын. Ал таяуда ғана Мемлекеттік хатшы  Марат Тәжин «Қазақстан Республикасы ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының» кеңейтілген отырысында ұлт тарихын зерделеуге деген жаңа бетбұрыстық өзгерістерді жіліктеп берді.

ANATILI.KZ. «Сөзімізге талғаммен қарасақ немесе академик І.Кеңесбаевтың өсиеті» - Халық тілі қазынасынан тамыр тартып, өркен жаятын әдеби тілдің құнарлы бір арнасы – аймақтық тіл қабаты екені белгілі. Жергілікті тіл құбылыстарының әдеби лексика қорын байытуға елеулі үлес қосып келе жатыр. Мәселен, бір кездері көйлектің әйел киімі, ал жейденің ерлер киімі болып ұғым жағынан саралануына халық тілінің тигізген әсері айрықша болды.

«Аптал» ма, әлде «атпал» ма?» - Баспасөз беттерінде әртүрлі жазылып, сан түрлі нұсқада қолданылып жүрген бірқатар сөздер бар. Осылардың кейбіреуіне тоқталуға тура келіп отыр. Мәселен, өзіміз күнде естіп жүрген «Тұлға» сөзін алайық. Былай қарасаң, адамның адамдығын, кісілігін көрсететін тәп-тәуір сөз. Ал бұл сөз қазіргі таңда сот алдындағы жауапкерге қатысты да қолданылып жатады.

QAZAQUNI.KZ.«Тарифтың тазалығы – әлеуметтің әлеуетін әрлендіреді» - Көкшетау қаласында коммуналдық қызмет мамандары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, монополистер және партия белсенділерінің қатысуымен қоғамдық тыңдау өткізілді. Күн тәртібінде «Тариф ашықтығы, халықтың төлем қабілеттілігі», – деген тақырып талқыға түсті. Басты мақсат – жергілікті жұртқа инфлияция жағдайында коммуналдық бағалардың жай-жапсарын түсіндіру. Жиынға «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалының төрағасы Серік Бейсембаев қатысты.

MASA.KZ. «Хан Тәңірдің қасқалдағы» - 1990  жылдары ел егемендігінің  елең-алаңында  атамекеніне шетелден топ жарып көшіп келген біршоғыр зиялы қауымның отанымыздың мәдениеті мен өнеріне, ғылымы мен біліміне қазақы бояу, әрлі рең әкеліп, алаштың бүлкілдеген тамырына  буырқанған  ыстық қан боп құйылғаны белгілі. Сондай дүбірлі топтың ішіндегі дүлдүлі де, бұлбұлы да небәрі 45 жасында дүниеден озған дауылпаз дарын, әнші, композитор, жазушы, актер, армия майоры Ермұрат Зейіпханұлы десек  оқырман да, тыңдарман да бас изеп құптар деп ойлаймыз.

BNEWS.KZ. «Оралда сатылған топырақтың ішінен адам сүйектері табылды» - Баяновтар отбасының жер учаскесіне әкелінген топырақтың ішінен адам сүйектері табылды. МАЗ автокөлігі алты рейспен әкелген топырақпен не істерін білмеген отбасының полицияға жүгінуіне тура келді, деп хабарлады «Экспресс К» газеті.

21 маусым 2013, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.