Атырау, 20 сәуір 08:48
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Мұны біз жасадық!»

4 286 просмотра

Ағаштан кесіліп жасалған орындықтары, жапырағы төгілген өсімдіктерден өрілген аркалары, әсем гүлзарлары бар жайлы аула... Қаладағы көпқатарлы үйлер тұрғындарының қайсысы бұл туралы армандамайды дейсіз? ТШО және ОАЕҚ (Орта-лық Азияның Еуразиясы қоры) қоры Атыраумен Құлсары қалалары тұрғындарына өздерінің осы армандарын жүзеге асыруға тікелей қатысу мүмкіндіктерін беріп отыр.

НЕМЕРЕЛЕРГЕ АРНАЛҒАН АЛАҢҚАЙ

Жоба «Біздің қоғамдық орын» деп аталады. Атауы құрғақтау естілгенмен, идеясы жақсы: адамдарды өз аулаларын, алаңқайларын, ұйымдарға тиесілі аумақтарды, бір сөзбен айтқанда, кез келген қала учаскесін өз талғамдары мен түстеріне қарай әрлендіруге қатыстыру. Жұмыс нысаны кездейсоқ таңдалған жоқ – жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша, атыраулықтар қоғамдық орындардың жоқтығын немесе жақсы жабдықталмағандықтарын ең өзекті мәселе деп есептейді.

Қатысушылар мәртебесіне еш шек қойылған жоқ – бұлардың қатарында түрлі құрылымдар, жеке тұрғындар, ПИК, ҮЕҰ және басқа да ұйымдар бола алады. Нысан мен жұмыс түрін таңдауда да толық еркіндік берілген. Мәселен, үй кіреберістерін абаттандыруға, балкондарды, аулаларды немесе орынжайларды жасыл-желекке бөлеуге, спорттық алаңқайлар, ата-аналар мен балалардың демалуына арналған жерлер салуға, балабақшалар мен мектептер маңындағы жүргіншілер өткеліне бағдаршамдар мен жанатын жол белгілерін орнатуға болады. Тіпті, бұқаралық мерекелер, садақа өткізетін жерлерді жабдықтап, сол жерге үлкен қазан да қоя аласыз. Ақшаны ТШО бөлді - әр грант 600 мың теңге, алайда халықтың немесе ұйымдардың қызметкерлерін қатыстыру, жергілікті демеушілерді, әсіресе, осы тұрғын үйлердің бірінші қатарында орналасқан шағын және орта бизнесті тарту жобаға қойылған міндетті талаптар болды.

Атыраудан – 5, Құлсарыдан 9 өтінім берілді. Бастамашыл топтар нақты жоспарларын әзірлеп, көрсетуі керек болды. Қорытындысында, Атыраудан екі жеңімпаз: «Болашақ» КДО және Азаттық, 64 мекенжайында орналасқан аула таңдалып алынса, Құлсарыдан үш жеңімпаз – мектеп, тұрғын үй және бір ҮЕҰ анықталды. Ұйым басшылары үшін өз қызметкерлерін бір іске жұмылдыру қиын еместігі белгілі, ал күн сайын үй тұрғындарын ауланы тазалауға және жасыл желектерге су құюға үгіттеу оңай шаруа емес. Сондықтан да жобаның барлық белсенділері жиналысты қалай өткізуді, адамдарға қалай түсіндіріп, қалай ынталандыру керектігін үйрететін арнайы оқудан өтті.

ОАЕҚ-тің бас бағдарламалық маманы Айгүл ТАҒАТОВА Құлсарыдағы шағын жоба жөнінде әңгімелеп берді:

- Бүгінде үшінші немересі өсіп келе жатқан Құлсары қаласының тұрғыны Гүлназ КАРИНА өз аула-сында балалар алаңқайын салуды 20 жылдан бері армандап жүрген. Біздің жоба туралы естігеннен кейін, белсене іске кірісіп, жақын жердегі үйлердің тұрғындарын жұмылдырды. Енді олардың 2-ықшам аудандағы аулаларында балалар ойнайтын керемет алаңқай бар. Тұрғындардың ниетін бағалаған әкімдік те өз тарапынан осы аулаға футбол алаңын салуға шешім қабылдады.

 

ДОКТОР АЙБОЛИТ

Атыраудағы шағын жобаны фототілші екеуміз көзімізбен көрдік. 13 маусымда көркейе түскен аулалар өздерінің жаңа туған күндерін тойлады. Презентация әдеттегідей әдемі әуенмен, әуе шарларымен, беделді қонақтардың қатысуымен және жақсы көзге түскендерді марапаттаумен өтті. «Болашақ» кеңес беру - диагностикалық емханасы атыраулық балаларға медициналық қызмет көрсетеді. Сондықтан да шағын жобаның атауы да сәйкесінше «Доктор Айболит» аталды. КДЕ XIXғасырда салынған бұрынғы көпестің үйінде орналасқан. Ескі ғимараттың әбден тозығы жеткен. Гранттың мөлшері, өкінішке орай, ғимараттың сыртын түгелдей жөндеуге жетпеді, сондықтан да тек бірінші қатарды сырлап, ауланы абаттандырумен шектелді. Алайда барлығы тапқырлықпен көркем жасалды. Кішкене пациенттер ашық түсті орындықтарға отыра алады, ал аса талғампаздарға кешегі тал түптерінен ағаш креслолар әзірленген. Заманауи медицина пациенттің психологиялық ахуалына көп көңіл бөледі, сондықтан да балаларға бұл жер жайлы болары сөзсіз.

 

ТЕРЕЗЕДЕГІ КҮН СӘУЛЕСІ

Атырау орталығындағы Азаттық, 64 мекенжайында орналасқан қарабайыр да көңілсіз аула қайта түлеп, әсем де көңілді аулаға айналды (суретте). Мүмкін, оны әрлендіруге жергілікті балалар атсалысқаннан шығар. Олар таңның атысы-мен бас бастамашы, жоба-ның белсендісі Ирина ГОРБАЧЕНКОНЫҢ есігін қағып: «Ира апай, бүгін біз не істейміз?» деген сұрақтарын жаудырып, өз ұсыныстарын да беріп үлгереді. Міне, осылайша аулада ескі доптардан қызыл қоңыздар, түрлі түске боялған ағаш түптері, саңырауқұлақтарға ұқсатып жасаған үстелдер, ескі көлік тегершіктерінен жасалған гүлзарлар пайда болды. Тіпті ашық жасыл түске бөленген қарапайым киім кептіргіш те декорация бірлігіне айналған. Балалар да өз шағын жобаларына тиісінше «Терезедегі күн сәулесі» атауын таңдап алды.

 

«МЕН ДЕ КӨМЕКТЕСТІМ»

Егде тартқан тұрғындар пайдасы бар нәрселер туралы ойласты. - Бізге әр кіреберістің алдына орындықтар керек – бұл бір, - деп бір саусағын жапты әжелер. – Аяқ қырғыштар (естеріңізде болса, әр кіреберістің алдында тұратын темірден жасалған аяқ қырғыш) – бұл екі, жасыл желектерге арналған аркалар – үш, гүлзарлар – бұл төрт. Содан кейін міндетті түрде шағын қоршау салу керек, әйтпесе адамдар көліктерін үйлерге тақап қоюды сәнге айналдырыпты, тұрғындар өте алмайтын болды. Жұмыстарға бірінші қатарда орналасқан дүкендер мен кеңселердің иелері де араласты. Барлығы бірігіп сенбіліктерге шықты – ауланы қоқыстардан тазартты, әкелінген топырақты тегіс қылып жайды, гүл егіп, оларды суарды. Яғни, барлығы да бұл әдемілікке өз қол ұштарын берді.

- Сындырмаңызшы, мұны біз жасадық!– деп саңқ етті 12 жасар Әли ЕДІЛОВ, түрлі-түсті үстелді қозғап жатқан біреуді байқап.

- Мен де көмектестім, қоқыс шығардым! – деді кішкентай Әділ Махмудов мақтанышпен.

Иринаның ересектер мен балалардан құралған осындай көмекшілері жетіп-артылады. Олардың барлығы да мақтау қағаздарын алды. Жоба адамдардың бұрынғы тату-тәтті көршілік дәстүрлерін сағынғанын және соларды жаңғырту үшін еңбек етуге дайын екендіктерін көрсетті.

- Барлығы да құлшыныспен жұмыс жасады. Бірлескен еңбек барлығымызды біріктірді, біз шынымен дос болдық, бір-бірімізді жаңа қырынан таныдық, - дейді үй тұрғыны Виолетта ВАХНЕНКО.

 

ІС ҚҰБЫРҒА ТІРЕЛДІ

Аулада жайқалып өскен жасыл желек құрғақшылықтан өліп қалса, өте өкінішті болар еді. Мұндай қауіп бар. Жоба аясында тұрғындар үйден қала суару жүйесіне дейін су құбырын жүргізді. Алайда, қала балансындағы құбырлар жұмыс жасамай тұр. Көктемнің аяғында «Арнайыавтобаза» қызметкерлері осы жүйені жөндегісі келген, бірақ еш нәрсе жасай алмады.

- Бүгінгі күні қала алаңдарындағы гүлдерге арнайы машиналармен су әкеліп, суарады. Ал біз үйден су тасып, суаруға мәжбүрміз. Жазда өсімдіктерге көп су керек, көршілер қашанға дейін шыдайтынын білмеймін, - дейді Ирина Горбаченко. – Мүмкін, қала билігі біздің жоба туралы естісе, мәселені шешуге көмектесер? Өздері отырғызған желектерін де суарулары керек қой.

Қазақстанда басқа баламасы жоқ пилоттық жобаның белсенді фазасы аяқталды. Мұның бір ерекшелігі, бірінші рет қоғамдық жерлерді абаттандыруды қалалық билік емес, тұрғындардан, ПИК, еріктілер мен кәсіпкерлерден жиналған пікірлестер қауымдастығы қолға алды. Жоба бюджеті толығымен айқын болды: бірде-бір тауарлар мен қызметтерді сатып алу операциялары қолма-қол ақшаға жасалмады. Әрине, бұл қатысушыларға белгілі бір қиыншылықтар тудырғаны сөзсіз, алайда әр тиынның дұрыс жұмсалғанына ешкімнің дауы жоқ. Күзде жобаның ақырғы қорытындылары шығарылады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Жеңіс ТҰҢҒАТАРОВ

20 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.