ABAI.KZ. «Тіл мәселесін айту – араздық тудыру емес» - ...Жасыратыны жоқ, бір-екі орысты, басқа ұлтты қазақша сөйлетіп, көзапара тірлік жасағанмен тіліміз көгермейді. Қазақ тіліне пәлен миллиард бөлдік дегеннен де түк шығып жатқан жоқ. Оның бәрі желге ұшып, біреулердің қалталары томпайуда. Қанша адам оқып, қазақ тілін үйренгенін тексерсе белгілі болады. Өзгеріс жоқ. Баяғы таз қалпымыз орыс тілін білмесең мекемелерде маман болып, мемлекеттік қызметте істей алмайсың. Қала түгілі шалғай аудандарда да солай. Сорлайтын тағы қазақтың жастары. Орыс тілін жат емес, өзіміз жарнамалап келеміз. Күйдіргенде телеарналарда орыс тілінде сөйлетіндердің бәрі өз қазағымыз.
«Шығыс Түркістанда қанша қазақ бар?» - 2010 жылы Қытай Халық Республикасында алтыншы рет халық санағы жүргізілді. Тәртібі қатаң, бақылауы күшті көршіміздің бұл санағының дәлдігіне, әрине, сенуге болады. Сонымен, Шығыс Түркістанда қанша қазақ бар?
Аталған санақ нәтижесіне сай, Шыңжаңдағы халық саны 21815815 (21 милион 815 мың 815) адамға тұрақтапты. Бұл жалпы мемлекет жан санының 1,6% -ын құрайды екен.
AZATTYQ.ORG. «Балалар үйінде қауіпсіз секс ережелерін оқытады» - Алматының балалар үйлерінде отбасын жоспарлау пәні өте бастады. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда жасөспірімдердің жыныстық сауаты төмен.
«БҰҰ-ның шөлейттенуге қарсы бағдарламасы тоқырап тұр» - БҰҰ Орталық Азияның шөлейттенуіне қарсы 10 жылдық бағдарлама жасаған еді. Бірақ бұл жобаның іске асуы қиынға айналып, қазір тоқтап қалуға шақ тұр.
"«Каримова дауынан» соң TeliaSonera басшысы кетті" - "Өзбекстан президентінің қызы Гүлнара Каримоваға қатысы бар" деп айыпталған TeliaSonera компаниясының басшысы коррупцияға байланысты жұмысынан кетті.
EGEMEN.KZ. «Қазақстан Ресейді қалай басып озды?» - Қазақстан несімен артық? Ең бірінші, іскерлік ахуалды қалыптастыру жағдайымен. Бұл елге кәсіпорындар қызметі үшін неғұрлым қолайлы жағдай қалыптастырудың сәті түсті. 2009 жылы бизнес жүргізу үшін жағдай деңгейіне байланысты елдердің халықаралық рейтингінде Ресей Федерациясы «өте құрметті» 120-шы орынға жайғасқанда, Қазақстан 70-ші орында тұрды. 2013 жылы Қазақстан бұдан да көтеріліп, 49-шы орынды еншіледі. Рас, Ресей де өз жағдайын біршама жақсартып, 112-ші орынға табан тіреді. Алайда, бұл елдер арасындағы айырмашылық бұрын 50 баспалдақты құраса, енді олардың саны 63-ке жетіп отыр.
«Бұлтарар шамасы жоқ» - Әбіләзов елдегі өзінің қылмыстық әрекетін бастаған соң оның ісі заң бойынша тергеуге алынады. Арнаулы прокурор басқаратын ведомствоаралық тергеу тобы «БТА Банк» АҚ-тың қаржысын талан-таражға салу дерегі бойынша құрамына «БТА Банк» АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы М.Әбіләзов және осы банктің несие комитетінің төрағасы Ж.Жәрімбетов кірген бір топ адамға қатысты қылмыстық істі барынша жан-жақты талдап, ашық тергеу жүргізді.
SERKE.ORG. «Қазақ қоғамында әділдікке жетудің жалғыз жолы – өлім болғаны ма?» - Астана қаласында сотталушы Азамат Аязбековтің жазықсыз екендігін айтып, бұл қылмыстық істің ақ-қарасын ажыратып, түрмеден босатуды талап еткен анасы мен әйелі биік құрылыс кранының басына шығып алып, жеті тәулікке жуық наразылық білдірді. Ақыры Қазақстанның Бас прокуратурасы Азамат Аязбековтің заңсыз сотталғанын мойындады.
AIKYN.KZ. «Асылдандыруды әріден ойлаған жөн» - Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «ҚазАгроҚаржы» корпорациясы елдің азық-түлік тапшылығын азайтуға, Қазақстандағы мал тұқымын асылдандыруға соңғы жылдары шындап кіріскен сыңайлы.
«Балаларға қатысты бірыңғай саясат жоқ» - «Біз баланы киіндіріп, тамақтандыру, оған баспана беру – тірліктің жартысы ғана екенін білеміз. Ондай балалар ересектер секілді өз бетінше өмір сүруге дайын емес. Бүгінгі балалар үйі олардың жанын жасытып, бұрынғысынан да бақытсыз етеді. Осы жүйеде тәрбиеленетін ер балаларының 70 пайызы түрмеге түссе, қыздардың 60 пайызы жезөкшелікті таңдайды», – деді ол парламент палаталарының бірлескен отырысында.
QAMSHY.KZ. «“Астана жұлдызы” ұлттық өнерге өзгеріс енгізе ала ма?» - Мамандардың пікірінше, «Астана жұлдызы» байқауы отандық музыка өндірісіндегі тың құбылыс болмақ. Оның соңғы жылдары тағайындалған өзге музыкалық сыйлықтардан басты ерекшелігі – бірінші кәсіби музыкалық бәйге болуында. Жобаның басты мақсаты – кәсіби білікті сарапшылардың таңдауы арқылы ұлттық музыканың өркендеп, өрлеуіне ықпал ету, сапалы музыканың сұранысқа кеңінен ие болуына жағдай жасау.
ALASHAINASY.KZ. «Жылқыны ұлттық шаруашылыққа айналдырып, аграрлық саланың бірден-бір тірегі етуіміз шарт» - "Мен 1992 жылы Рязань қаласына барғанымда жылқыны топтап сатып алып жатқан қазақ жігіттерін кездестірдім. Неге сонша жылқыны көптеп алып жатқандарын сұрап едім, сөйтсем, ол жақта жылқы етін ешкім жемейтіндіктен арзан екен. Өздері арық-тұрақ аттардың етінде дәм болмайтыны да белгілі ғой, «Аға, біз бұларды апарып, қазақ жерінің шүйгініне жайып, оның ағзасын түгел өзгеріске түсіреміз, сосын семіртіп сойғанда сіз бұлардың етінен дәмді ет таппай қаласыз» деп күлді".
«Газ келеді... Газ қымбаттайды...» - Осыдан бес жылдан астам бұрын Қазақстан мен Қытай арасында газ құбырын салу мен пайдалану туралы ынтымақтастық жөнінде келісім жасалған еді. Кейіннен осы келісімге өзгеріс енгізілген болатын. Ондағы мақсат Қытайға ағылатын газ көлемін 25 млрд текше метрге арттыру болып табылады. Мұның 20 млрд текше метрі түрікмен мен өзбек газы болса, күнгейге кетіп жатқан құбырдың арқасында Қазақстанның газдан тарыққан оңтүстік өңірі де 5 млрд текше метрге дейін газға қарық болады. Кеше Сенат Қазақстан-Қытай газ құбырына қатысты осы келісімді қабылдады.
SHYN.KZ. «М.Әшімбаев сәләфизм насихатшысы ма?» - «Елбасы Н. Назарбаев: «Біздің түбіміз - түрік, дініміз ислам, сондықтан қасиетті кітабымыз - Құран» деп айтқан еді. Ата-бабаларымыз Ханафи мәзһабын ұстанған. Ендеше бұның басқа мәзһабтардан ерекшеліктерін көбірек айтып, халыққа түсіндіруді кеңінен жүргізген абзал. Салафизмнің бізге жат ағым екенін «тайға таңба басқандай» ұғындырып беруге тиіспіз. Сондай-ақ, кез-келген дәстүрлі діннің бейбіт мақсатқа, рухани дамуға бағытталғанын ұғындыру қажет. Біз өз позициямызды жұртшылыққа нақты түсіндіруге тиіспіз», - деді комитет төрағасы.
«Оралмандар арқылы нотариустар баюда» - Қазақ еліне шетелден қандастар қашан көшіп келе бастады? Бұл сұраққа әр жерде, әр түрлі жауап айтады. Тіпті, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы басшысының өзі Павлодарға келіп ағайындармен кездесу өткізгенде өтірік айтып, ұятты болып қайтқанын былайғы жұрт білмейтін шығар.
"Жеңіс ЫСҚАҚОВА: «Анасын күң еткен қоғамнан не қайыр?»" - "Мүмкіндігінше, әйелге тұрмыстық-әлеуметтік жағдай жасаудың орнына, одан әрмен бейнетке батыру – кімнің ойынан шыққан қиянат, обалы кімге?! «Әйелдер еркектерден көп жасайды» деген сөз шенеуніктердің аузынан жиі шығады, сонда әйел байғұстардан тезірек құтылудың амалы жасалып жатыр ма? Анасын күңге айналдырғысы келген қоғамнан қандай үміт күтуге болады?!".
AIKAP.KZ. «Смағұл Елубай, жазушы: Сорымызға біткен он сорақылық» - 1-сорақылық. 300 жыл бойы мойнымызға ілінген отарлық қамыт мойнымыздан түссе де.., миымыздан түспепті. Сол отарлық қамыт санамызда әлі де салпақтап тұр. Саяси отарсыздану рухани отарсыздануға ұласпады...
«Әбдірашит Бәкірұлы. «Империялық мүдделер» үстем еткен заманда Қазақстан қайтпек?» - ...Өзге «империялық елдер» өздерінің ішкі қайшылықтарын біздей «әлсіз» мемлекеттердің көмегімен шешіп отырудан бас тартпайтынын көрсете бастады. Оларға «сыртқы саясат» дегеніміз - «империялық мүдде». Ол туралы У. Черчилль «мен тек ағылшын мүддесін ғана білемін» деген... Бұл саяси принцип қазір де сол күйінде іске асырылуда. Мысалы, коррупцияға белшесінен батып, өз ішінде мәселелері шешілмей жатқан Ресейдің өзі де сыртқы саясатында «ресейлік мүддені» алға тартуын тоқтатқан емес. Оның аракідік өзі секілді «империялық мүддесі» бар АҚШ-пен текетіреске келіп қалуының да себебі содан, АҚШ-пен «парламенттік бейбіт соғыс» жағдайына көшуі де осының көрінісі.
MASA.KZ. «Қорқытпасаң қорқау атанасың...» - Астана қаласында сотталушы Азамат Аязбековтің жазықсыз екендігін айтып, бұл қылмыстық істің ақ-қарасын ажыратып, түрмеден босатуды талап еткен анасы мен әйелі биік құрылыс кранының басына шығып алып, жеті тәулікке жуық наразылық білдірді. Ақыры Қазақстанның Бас прокуратурасы Азамат Аязбековтің заңсыз сотталғанын мойындады.
TURKYSTAN.KZ. «Тараптар ортақ мәмлеге келуі тиіс» - "Ең басты қиындық, Американың түріктердің қолымен от көсеп, саяси арандатушылыққа баруы. АҚШ әзірлеген саяси ойынға Ердоған да қойып кетті. Таксимдегі шерушілердің ашуға ерік беруіне бақтағы ағаштардың кесілуі себеп болды. Сырт көзге Ердоған керемет, Түркия үшін көп нәрсе жасаған сияқты көрінуі мүмкін. Шындығына келсек, олай емес. Ердоған жұртқа білдірмей, диктаторлық режим қалыптастарды. Бұған дейін әскерилер, қарулы күш, соттар, полиция билікке бағынбайтын. Қазір жағдай басқаша, полиция қызметкерлері асырасілтеушілікке ұрынуда".