Атырау, 23 желтоқсан 19:54
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Нұрислам, Мәдина және басқалар

3 472 просмотра

«4EVER» әлеуметтік-қайырымдылық қоры өз жұмысын жалғастыруда, олар бұл жолы балалардың церебральды сал ауруымен сырқат 5 жастағы Мәдина КЕНЖЕБАЕВАҒА көмектесуге тырысуда.

Біз«4EVER» әлеуметтік-қайырымдылық қорындағы балалар туралы («Драйв стиліндегі қайырымдылық»-АЖ №35, 02.09.10) жазған болатынбыз: олар бір ай жарым уақыттың ішінде сирек кездесетін қан ауруымен ауыратын ақтөбелік Нұрислам МЫРЗАБАЙ үшін миллион теңгеден асатын қаржы жинады. Қордағылардың барлығы да жастар, жақсы жұмыстары бар, қолдарының бос кезінде мүмкіндіктеріне қарай сырқат балаларға көмек қолдарын созады. Олар тек атыраулық балғындарға ғана емес, басқа да облыстағыларға көмек береді. Бүгінгі күні олар Астана қаласының тұрғыны кішкентай Мәдина Кенжебаева үшін ақша жинаумен айналысуда. Мәдина жеті айлығында, 1790 грамм салмақпен дүниеге келген. Оған 9 ай болған кезде дәрігерлер балалар церебральды сал ауруы диагнозын қойды. Содан бері қарай ол үзбестен емін алып келеді. Емделудің нәтижесі Мәдина жас жарымға келген кезде басталды. Ол басын ұстай алды. Бір жас жеті ай болғанда ол алғашқы буындарды айта бастады, ал, үш жарым жасында отыра бастады.

Мәдина ашық та жарқын мінезді қыз. Ол 1-ден бастап 50-ге дейін санауды біледі, «Теленяня» теле арнасын қарағанды сүйеді. Оның есте сақтау қабілеті мықты. Үлкендердің айтқандарының бәрін есінде жақсы сақтайды. Қазір Мәдина арасында 2-3 апта үзілісі бар ұзақтығы 2 айдан болатын емдеу курсынан өтіп жатыр. Екі айлық емдеу курсының құны 150 мың теңге. Дәрігерлердің айтуынша, Мәдина өз бетімен мектепке бара алатын болады екен, ол үшін емдеуді үнемі жалғастырып отыруы керек. «Біздің алғашқы мақсатымыз - осы баланың денсаулығының жағдайы туралы көмектесем деген ниеттегі жандарды хабардар ету. Біз барлық кәсіпорындар мен ұйымдарға, таныстарымыз бен достарымызға хабарлама жолдадық. Ойын-сауық орталықтарының бірінде жәрдем ақша салатын жәшік орнатып қойдық, үлкен баннерге тапсырыс бердік, ол дайын болған кезде сауда-ойын сауық кешендерінің біріне іліп қоятын боламыз»,-деп әңгімелейді «4EVER» басшысы Аслан ТІЛЕУБАЕВ.

Мәдинаға көмек беруге ниет білдірушілер қаржыларын оның анасы Ботагөздің есепшотына аудара алады. Халық банкіндегі есепшот нөмірі: kz666010043000056458, Катренова Ботагоз Карбаевна, жеке бас куәлігі № 022300363, СТН 031320028449. Ботагөздің телефоны: +77013580689, «4EVER» ӘҚҚ телефоны: +77073800003

Зульфия ИСКАЛИЕВА

6 сәуір 2011, 21:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.