Атырау, 26 сәуір 23:40
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"Сот: Болат Әбілев вице-министрге моральдық шығын өтесін". "Путин қазақтың әкесі ме еді?". "Тоқал алуға тосқауыл жоқ". "Тестен құлаған шенеуніктер неге орындарынан түспейді?".

2 066 просмотра

AIKYN.KZ. «Әлемдік банк әлжуаз балаларға алаңдайды» - Әлемдік банк ұйымы тобының президенті Джим Ен Кимнің мәлімдеуінше, дүниежүзінде 5 жасқа дейінгі балалардың 165 миллионы тойып тамақ ішпегендіктен дене бітімі әлжуаз, бойы өспей қалады екен.

ZHASALASH.KZ. «Кемализм мен неоосманизм – екi қошқардың басы...» - Әлсiн-әлсiн дүрлiгуден Түркия демiгiп тұр. Наразылықтың басталғанына он күннен асса да, мыңдаған адам Стамбұлдағы Тақсым алаңында әлi шерулетiп жүр. Шерушiлердiң басты талабы – Ережеп Ердоғанның үкiметiн отставкаға кетiру. Мамырдың соңында басталған бас көтеруден 3 адам көз жұмып, 5 мыңға тарта адам жарақаттанған. Мамырдың 31-i күнi Тақсым алаңынан басталған шеру күнi бүгiнге дейiн елдiң 78 қаласын шарпыды.

ULT.KZ. «Нұртөре Жүсіп. Біз әлі көктейміз!» - Бұтағы қырқылған ағашты көз алдыңызға елестетіңізші. Қандай сән бар? Сұрқы да, тұрқы да сүреңсіз болмай ма? Түбінен қырқылған томар ағаш ше? Бірі шолақ, бір молақ ағаш орман бола ма? Қазақтың маңдайына жазылған жазмыш кілең тақсірет пен қасірет: отыз екінің аштығы халқымызды қынадай қырып салды; отыз жетінің орағы ойлы оғландарды баудай түсірді; сұм соғыстың сүңгісі ер-азаматтың кеудесін үңгіп кетті...

AZATTYQ.ORG. «Сот: Болат Әбілев вице-министрге моральдық шығын өтесін» - Алматының Медеу аудандық соты оппозициялық "Азат" партиясының жетекшісі Болат Әбілевті мұнай және газ вице-министрі Берік Толымбаевқа моральдық шығын ретінде 500 мың теңге төлеуді міндеттеді деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

«Ресей парламенті гомосексуализм туралы заңды мақұлдады» - Ресей мемлекеттік думасы кәмелетке толмағандар арасында гомосексуализмді насихаттағандарға жазаны күшейтетін заң жобасын мақұлдады. Жоба бойынша, гомосексуализмді насихаттады дегендерге енді ірі көлемде айыппұл салынып, бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.

MASA.KZ. «Путин қазақтың әкесі ме еді?» - Ресей Президентінің әйелімен ажырасқаны Қазақстандық БАҚ-тың басты әңгімесіне айналды. Иә, орыстың бір баласы ажырасса ажырасқан шығар. Соған бола бүкіл қазақ баспасөзі әкелері ажырасқандай зар илегені несі? Ең жаманы Путинның ажырасуы туралы кез келген ақпаратты қарап отырсаңыз, өзге бір елдің басшысы емес, кәдімгі қазақтың тізгінін ұстап отырған әлдебір «патшаның» елесі байқалады.

«Батбаярын Хэрлэн: мақсатымыз Шығысханға таласу емес, ДНК арқылы түп тегімізге көз жеткізу» - Бұдан бұрын осы тақырыпта жариялаған мақалаларыма дауласушылар да, жақтаушылар да көп болды. Қай біреулері мақаланы оқымыстан, онда айтылған ой түйініне, мысалы:  «Шыңғыс ханның түп атасы бізбен бір қанды екенінде дау жоқ. Оны қазіргі ғалымдар ДНК арқылы да зерттеуде.» деген негізгі тұжырымға мән берместен,  айқайға басып, жеке басымызға, ар-намысымызға, арық-тұрағымызға дейін тигендер болды.

«Тоқал алуға тосқауыл жоқ» - Ислам діні төрт әйелге дейін алуға рұқсат береді. Дегенмен, бұл берілген рұқсат міндет емес – мұсылман міндетті түрде төрт әйел алуы керек дегенді білдірмейді.  Өкінішке қарай, қазіргі кезде міндет пен рұқсатты шатастырып алып жүргендер көп. Олай дейтініміз, дінді желеу етіп, жас қыздарды шет-шетінен алып жатқан нәпсіқұмарлар көбейіп келеді. Мұндайлар қатарында қалталы ер азаматтардың жүретіндігі айтпаса да, түсінікті.

MUSLIM.KZ. «Малайзияның фармацевтикалық компаниялары халал дәрілер шығаруға құлшынып отыр» - Малайзияның фармацевтикалық өнімдерді өндіретін компаниялары осы елдің Ислам даму департаменті беріп жатқан «Халал» сертификатын алуға қызығушылық танытып отыр.

EGEMEN.KZ. «Жаһанды алаңдатқан жастар саясаты» - Еліміздің жастар саясаты мем­лекеттік ба­сымдықты арттыру шарасы ретінде жастардың өмірін табысты ету мақсатында әлеуметтік-экономикалық, ұйым­дастырушылық жағ­дай­ларды же­тілдіруге бағытталған. Жастар сая­­сатының басымдықтары Қа­зақ­стан Пре­зи­денті Нұрсұлтан На­зар­баевтың «Қазақ­стан-2050» Стратегиясының негізгі мақ­сат­тарының бірі болып табылады.

QAZAQUNI.KZ. «Адасқан адам – азғын адам» - Мен туралы бейпіл ауыз, сүйрең тілдер не айтпады дейсің?!. Сонда менің көксегенім қалың қазақтың қамы еді… Мұныма мойынсұнбасаңыз – кезкелген уақыттағы, кезкелген мақаламды оқыңыз…

«“Ақ жол”: Тестен құлаған шенеуніктер неге орындарынан түспейді?» - Тестілеуден өте алмаған шенеуніктердің бірде бірі орнынан түсуге не себепті ниет білдірмеді? «Кейбір басшылар қарамағындағы тестен құлап қалғандарды олардың жоғары біліктілігіне, психологиялық күйзелісіне сілтемелер жасап және тестің объективтілігіне күмән келтірумен ақтамақ болғандары ешқандай да сын көтермейді» -деп есептейді «Ақжолдықтар».

12 маусым 2013, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.