BNEWS.KZ. «Лондонның Жоғарғы сотынан кейін Ирландия билігі М.Әбіләзовпен соңына түсті» - Енді оның халықаралық алаяқтық ісінің түйінін тарқатуға ирландық өкімет орындары да қосылды. Жақында олар бұрын ТМД-дағы ірі банк саналатын, қазақстандық БТА банк активтерін офшорларға заңсыз жылыстату үшін құрылған бірқатар компаниялардың қызметіне тексеру жүргізіп жатқаны белгілі болды. Алаяқтықты басты ұйымдастырушылар арасында Латвия азаматтарының да қатысы болып шықты. Ендігі басты мәселе: ұрланған қаражаттар қайда?
INFORM.KZ. «Қымыз бен шұбаттың адам денсаулығын жақсартып, өмірін ұзартуға ықпалы өте зор» - Қазақтың қымызы мен шұбатының адам ағзасының ауруға қарсы иммунитетін арттыруда баламасы жоқ. Қазақ тағамтану академиясының вице-президенті Юрий Синявскийдің айтуынша, қышқыл сүт өнімдерінің пайдасын ғылым әлдеқашан мойындаған. Тек оны жаппай қолданысқа енгізу мәселесі ақсап тұр.
AZATTYQ.ORG. «Ақша жинау туралы айтары бар мұғалім көбейді» - Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын орта мектептердің шығындарына байланысты әкімшілік істер жиі қозғалады. Мысалы, биыл сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында ғана 18 мектеп директоры әкімшілік жауапқа тартылған болатын.
TURKYSTAN.KZ. «Белинский «Қырғыз-Қайсақ» повесі туралы» - Белинский шын мағынасындағы интернационалист сыншы болды. Онан бұрынғы орыс әдебиеті мен сынында халықтар достығы идеясын өз творчествосының негізгі арқауы еткен Белинскийдей сыншы болған емес. Россия империясының құрамына кіретін басқа халықтарды да шын сезіммен сүйді, орыс шаруаларының ауыр өміріне, шеккен азабына қалай қиналса, ол басқа халықтардың еңбекшілерінің теңсіздігіне, ауыр тағдырына, адам айтқысыз мүшкіл халіне де аянышпен қарады. Патша өкіметінің, жергілікті қанаушы таптардың шектен тыс озбырлығына ашынып, оларды өз мақалаларында өлтіре түйреп отырды.
ZHASALASH.KZ. «Президенттiң әйелдерге жаны ашымады» - Президенттiң айтуынша, әйелдердiң зейнет жасын арттырудың басты себебi зейнетақы төлемiндегi қаражаттың болжамды дефицитi және зейнеткерлердiң 70 пайызын әйелдер құрайтыны. Әйелдердiң зейнет жасын арттырмаса, зейнетақы төлеуге жұмсалатын бюджет шығыстары 2014-24 жылдары 3 триллион теңгеге өсетiн көрiнедi.
«Жауапты iске немқұрайлы қарайтындар қызметтен кетiрiлуi тиiс емес пе?» - Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко мен Еңбек және әлеуметтiк қорғау министрi Серiк Әбденов отставкаға кетуi мүмкiн. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жұма күнгi зейнетақы реформасына қатысты халыққа үндеуiнен кейiн жауырыншылар осындай болжам жасады. Астанадағы құпия ақпарат көзiнiң айтуынша, “Назарбаев бұдан былай Марченконы өз командасында көргiсi келмейтiнiн” айтыпты. Бас банкирге екiншi деңгейлi банктердiң жетекшiлерi де наразы.
«Адам ұрлау Қазақстанда қалыпты жағдайға айналды» - Құқық қорғаушы Е.Жовтистiң пайымдауынша, Қазақстан президентi Н.Назарбаев қарсыластарының үнiн өшiру үшiн ештеңеден аянып қалмауға бекiнген. Бұдан адам ұрлаудың, отбасы мүшелерiн саясат үшiн пайдалану Қазақстанда қалыпты жағдайға айналғанын байқауға болады. Ал ендi есе қайтару үшiн немесе бiтiмге келу үшiн М.Әблязовтiң не iстемекке бекiнгенi алдағы күндерi белгiлi болмақ.
«Халыққа тәуелдi шенеунiк қана тиiмдi болмақ» - Соңғы кездерi бiздiң патшалықта қым‑қуыт тiрлiктер орын ала бастады. Шенеунiктердiң мемлекеттi тиiмсiз басқаруы жетер шегiне жеттi. Алым‑салымдар және бюрократтар тұншықтырған бизнес көлеңкелi салаға ауды. Мұның салдарын бiрден тарттық. Қазынаға бизнестен түсетiн салық ортайып қалды. Ақыл‑есi дұрыс адам жұмыссыздық 5-6 пайыз деген ресми дереке сенуден әлдеқашан қалған. Шын мәнiнде, жұмыссыздық 40 пайыздан асып кеттi, ендi мұны байқамай қалу мүмкiн емес.
AIKYN.KZ. «Әблязовтің соңғы оффшоры» - Терроризм және әлемдік экономикалық дағдарыспен күрес қаржы қозғалысын реттеу схемасында айналып соғатын нүкте болып табылуда. Мұндағы негізгі сәт – қаржы операцияларын жүргізу кезіндегі ақпараттың құпиясы болып табылатын офшордың негізгі ережесіне нүкте қою. «Салық жұмағы» бірқатар мемлекеттерде жабылғалы қашан. Ол тізімдегілердің соңында тұрған елдердің
бірі – Кипр Республикасы. Мұнда да Әблязов ісіне қатысы бар компания тіркелген көрінеді.
ULT.KZ. «Түрік дүрбелеңінің сыртында кімдер тұр?» - Европа елдері мен АҚШ-тың түркиядан айырыла бастау ЦРУ-дің «Үлкен Таяу шығыс жоспарына» қатысы саяси жоспарын өзгертті. Жанталаса іске кіріскен батыс «күрд мәселесі» мен «армян генодцидін» ойлап тауып түркияның шамына тиді. Түрік армиясы АҚШ пен батыстың таяу шығыстағы саясатына қарсы болды. АҚШ армиясының Түркия арқылы Ираққа басып кіруіне кедергілік жасады. АҚШ «Эргенекон» ісі деген сылтаумен Ердоған арқылы түрік армиясының жүздеген генаралдарын түрмеге жауып, өш алуда.