Қайталама дереккөздерге сәйкес, Қазақстан наурыз айында өз міндеттемелерін тәулігіне 131 мың баррельге асырды. Бұл климаттық жағдайларға және жылыту маусымының ұзақтығына байланысты, деп хабарлайды энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Алайда, Қазақстан 1-тоқсанда өз міндеттемелерін орындау және артық өндірісті өтеу үшін барлық күш-жігерін салуды жалғастырады.
Сондай-ақ, бірлескен министрлік мониторинг комитетінің 53-ші отырысының шешіміне сәйкес Қазақстан 2024 жылғы 30 сәуірге қарай ОПЕК хатшылығына өтемақының егжей-тегжейлі жоспарын ұсынады.
Бұған дейін Қазақстан өзінің ағымдағы міндеттемелерін 2024 жылдың маусым айының соңына дейін ұзартты.