Каспий құбыр консорциумы (КҚК) теңіз терминалындағы 72 сағаттық жоспарлы жөндеу жұмыстары аяқталған соң, Новороссийскіге қайтадан мұнай жөнелте бастады. Бұл туралы баспасөз қызметі хабарлады.
«КҚК мұнай құбырын жоспарлы тоқтату кезеңінде теңіз терминалы нысандарындағы негізгі жұмыс аяқталған соң, 2024 жылдың 11 сәуірінде мұнай тиеу қайта жанданды», – делінген компания хабарламасында.
Каспий Құбыр Концорциумы мұнай тиеуді 9 сәуірде уақытша тоқтатқан болатын. Осы уақытта Теңіз-Новороссийск магистральдық мұнай құбырының жабдықтарын жаңалау жоспарланған.
Корцорциум мұнай жөнелту жылына екі рет 72 сағатқа тоқтайтынын атап өтті. Оның кестесі бүкіл жүк жөнелтушілер, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігімен алдын ала келісілген. Мұнай тиеуді жоспарлы тоқтату техникалық қызмет көрсету, жөндеу және жұмыс істеп тұрған кезде қосуға ыңғайсыз жабдықтарды ауыстыру үшін қажет.