Атырау, 18 желтоқсан 20:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

"Әбілязовтың қызы мен Храпуновтың ұлын Тоқаев жұмысқа алған ба?". "Парламенттегiлер халықты сатып кеттi. Президент не дер екен?". "Жарайсың, Жазылбеков! Оралман мәселесіне үкіметіміз үн қатсын!". "Путиннің екпіні мен «тепкіні".

2 193 просмотра

SERKE.ORG. «Әбілязовтың қызы мен Храпуновтың ұлын Тоқаев жұмысқа алған ба?» - Швейцарияда тұратын Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың ұлы Ильяс Храпунов пен оның әйелі Мәдина Храпунова (Мұхтар Әбілязовтың қызы) Біріккен Ұлттар Ұйымының  (БҰҰ) Оталық Африка Республикасындағы миссиясының кеңесшілері болып алыпты. Олардың – Ильяс пен Мәдинаның кеңесші екендігі жөніндегі мәлімет БҰҰ-ның Женева офисінің ресми сайтында жарияланған.

AZATTYQ.ORG. «Туыстары кранда қарсылық танытқан жігіттің ісі» - Азамат Аязбековті түрмеден босатуды талап еткен анасы Бағжан Аязбекова мен әйелі Гүлім Бабақова Астанада кранның басына шығып, жеті тәулікке жуық наразылық білдірді. Бас прокуратура оның заңсыз сотталғанын мойындады.

ZHASALASH.KZ. «Қасiретке жол бермеуге болар едi...» - Жаңаөзен мен Шетпедегi оқиғалардан соң ауық-ауық бас қосып, осы мәселенi жүйелi түрде талқылаған азаматтық қоғам мен зиялы қауым өкiлдерi, саясаткерлер және құқық қорғаушылар бұл жолы да ендi мұндай қасiрет қайталанбауы үшiн не iстеу керек деген сұраққа жауап iздедi.

«Парламенттегiлер халықты сатып кеттi. Президент не дер екен?» - “Халық қалаулылары” беттiң арын белге түйiп, ел мүддесiне қайшы келетiн заңды қолдап шықты. Және олардың өз сай­лау­шыларын сатып отырғаны бiр бұл емес. Оған мысал жеткiлiктi. Бiздiң айтайын дегенiмiз, президент зейнетақы реформасы туралы заңға “вето” қойса, яғни қолдамаса, депутат мырзалар сосын елдiң бетiне қалай қарар екен?

EGEMEN.KZ. «Сақ болыңыз: улы шам! Немесе үнемнің де үнемі бар» - Қатер қайдан демеңіз! Ол төбеңізден төніп тұр! Мұны әзіл-қалжыңға баламай, жанып тұрған шамыңызға қараңыз да, ойлаңыз. Ирелеңдеп электр қуатын үнемдейтін жаңа шам денсаулығымыз бен ана-табиға­ты­мызға аса қауіпті. Оның анығы мен танығын мамандар айтып отыр.

«Шөпке айдаса тақырға неге қашамыз?» - «Ақтаудан арнайы экономикалық аймақ ашылды» деген әңгіме құлағымызға шалынғалы оншақты жылдың жүзі болды. Жаңалық жақсы болғанмен, жақсы нәтиже­сін көріп жарыта қойған жоқпыз. «Айқайлатып» ашылған кәсіпорындардың алды «күлді-көмешке» айналып бара жатқандай, оның үстіне атшаптырым аумақты алатын айлапат алаңның бос жатуы да көңілді қоңылтақсытпай қоймайтын…  Тақырыпта айтылған оймен арнайы экономикалық аймақ табалдырығын аттадым.

ANATILI.KZ. «Тарихи жадыны сақтап қалу – жалпы өзіңді-өзің сақтап қалудың жалғыз жолы» - «Тарихқа арқа сүйемесе болашақ бұл­дыр. Жер шарында мән-мағына мен құн­дылықтардың мылтықсыз майданы күн сайын жүріп жатқан қазіргі күнде тарихи жадыны сақтап қалу – жалпы өзіңді-өзің сақ­тап қалудың жалғыз жолы».

ZHEBE.COM. «Рухани дүниелердің кепиеті атады....» -  «Әннің де естісі бар, есері бар». Қайран Абай, тура бір замандасымыздай... Әбден киіздей тапталып, жүндей түтілген осы бір «бүгінгі қазақ әндерінің сапасы» деген  мәселенің шығар жолын кім көрсетер екен? Шегемен қағып тұрып сынайтын «Кеңес заманының да ұлттық құндылықтарымызға пайдасы тиген еді» деп әңгіме бастайықшы қазір, өре түрегелер едік. Алайда, шындықтан айналып кете алмайсың.

QAMSHY.KZ. «Жарайсың, Жазылбеков! Оралман мәселесіне үкіметіміз үн қатсын!» - Кеше Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нұрлан Жазылбеков Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Ахметовке депутаттық сауал жолдады. Бар қазақтың қамын ойлаған халық қалаулысына елім деп келген ағайын дән риза. Өйткені соңғы кездері көш мәселесі тығырыққа тіреліп, қандастарымыздың Қазақстан азаматы атануы мүлдем тоқтатылды деуге болады.

TURKYSTAN.KZ. «Путиннің екпіні мен «тепкіні» - Financial Times газетінде «Guriev’s flight» атты мақалада «Путин өзгеше ойлайтын адамдарды қудалау кампаниясынан соң бұдан былай елде демократиялық басқару жүйесін сақтап отырмын дей алмайды» делінген.

MASA.KZ. «Қазақстанның қашқындарына Еуропа есік ашпайтын болады» - Болашақта Қазақстанда қылмыс жасап, елден қашқан қылмыскерлер Еуропада жасырына алмайды деп хабарлайды «ҚазАқпарат»тілшісі Жасұлан Жолдыбаев.

«Ғалия Қайдауылқызы. Қатынның бабы – ұрпақтың қамы...» - «Балаға  ұрынба бәлесі  жұғады, қатынға  жолама  қарасы  жұғады» дейтін  бекер  болмады. Баланы қолдан  шығарып алғанымызды мойындауға  мойнымыз жар бермей, қатындармен «қақпақыл» ойнауға көштік. Қатын біткен алағызып ұйықтап, алабұртып оянатындай халге жетті. Себебі, әйеліне жалтақтаумен жан сақтап жүргендер қолында тұрғанда қолдыратып, теңестіре салып жақсы  атты болуға  жанталасып  жамыраса қол соқты. Сенің тағдырыңды сыртыңнан шеше салады. Сен оған сене саласың, дегеніне көне саласың деп дәметеді.

АLTAYNEWS.KZ. «Үржар ханшайымы» біздің жыл санауымызға дейінгі IV-ІІІ ғасырларда жерленген» - Ағымдағы жылдың мамыр айында Ә.Марғұлан атындағы Археология институты Үржар экспедициясын бастап, үлкен олжаға кенелді. Зерттеуші ғалымдар Таскескен - Бақты жолындағы қорғаннан сақ заманындағы патша қыздың мүрдесін тапты. Ғалымдар оған «Ұржар ханшайымы» деген атау беріп, жерлеу орнының бұзылмай жақсы сақталуын үлкен сәттілік дейді.

AIKYN.KZ. «Инені қашанғы импорттаймыз?» -  Жұмыссыздық шегіне бастады, де­сек те, бұл саладағы көрсеткіш жа­ңа жұмыс алаңдары ашылып жат­қан қарқынды дамушы ел де­ген атымызға сай болмай тұр. Әрі-берідесін соңғы кездері сол ке­ше ғана ашылған кәсіпорындар тоқ­тап, бір кезде тұрақты және жо­ғары жалақы аламыз деп қуан­ған отандастардың ауқымды бір бө­лігі жалақыларын ала алмай жүргендіктерін, ал енді бір бөлігі жаңа кәсіпорындарының мүлде тоқтайтынын хабарлап, жоғары жақтан көмек сұрауда. Не боп қалды? Кеше ғана салдық, қуандық, бүгін оның «керексіз» екені анықталды. Түсініксіз жағдай.

7 маусым 2013, 09:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.