Атырау, 18 желтоқсан 21:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

"Ресейлік экономист президенттің уәдесіне сенбейді". "Түркияның түңлiгi әлi желпiлдеп тұр...". "Сүлейменов Ресейді әлі пір тұтып жүр". "Елена КОСТЮЧЕНКО: Жаңаөзенде құрбан болғандар саны ресми есептен көп". "Бай мен кедей құда болса…".

1 948 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Ресейлік экономист президенттің уәдесіне сенбейді» - Ресейлік танымал экономист Сергей Гуриев «бас бостандығына қауіп төнген соң» шетелге кетуді жөн деп тапқанын мәлімдеді. Президент Путин «ешқандай қауіп жоғын» айтып, оны елге қайтуға шақырды.

ZHASALASH.KZ. «Түркияның түңлiгi әлi желпiлдеп тұр...» - Оппозиция серкесiнiң сириялықтар атынан сөй­леп тұрған себебi, Ердоған Сирия президентi Басар Ашадты айыптап, оған қаратып “сен диктатор әкеңнен де өтiп кеттiң” деген. Ердоған Түркиядағы бассыздықтарға оппозицияны айыптады. Алайда “әлдебiр күштер олардың қолтығына су бүркiдi” дегенде Батыстың ықпалын айтқысы келiп тұрғанын ұғу қиын емес едi. Израиль мен Түркияның арасы қандай екенi белгiлi. Ержүрек Ердоған мәртебелi жиында бүкiл әлем жұртшылығының алдында Израиль премьер-министрi Шимон Перестiң көзiн шұқып ала жаздаған. “Мен мынандай екiжүздiмен бiр үстел басында отырмаймын!” – деп. Мәселе Палестинаға қатысты болатын. Израиль мұны қалай кешiрсiн?..

«Елена КОСТЮЧЕНКО: Жаңаөзенде құрбан болғандар саны ресми есептен көп» - Биылғы жылғы “Азаттық” сыйлығының иегерi, “Новая газета” басылымының тiлшiсi Елена Костюченко – Жаңаөзен оқиғасынан кейiн төтенше жағдай жарияланған қалаға кiрiп, ақпараттық құрсауды бұза алған алғашқы журналист. Бастапқыда қазақ билiгi “жаппай тәртiпсiздiктi iшiмдiкке сылқия тойып алған жастар жасады” деген мәлiмдеме жасаса, Костюченконың мақалаларынан кейiн бұл көзқарасын өзгертiп, полицейлер­дiң қателiгi туралы сөз қозғай бастады.

AIKYN.KZ. «Қазақ рэпінің реңі қандай?» - Соңғы 10 жылда «рэп» жанры қазақ жастары арасында да жақ­сы қабылдануда. Бүгінде Жақау, Шыңғыс, Құйын, БигҚАЖЫ және т.б. рэперлер Қазақ­станның кез келген облысын­дағы жастар ара­сында танымалдық­қа ие.

ZONAKZ.NET. «Сыдықов салған сара жол: аңыз бен ақиқат» - "Менің кабинетім – студенттер үшін таң атқаннан кешке дейін ашық болады. Өйткені ректор студенттер үшін қызмет етуі тиіс. Және бір айта кетерім, мына «Командамен» келу дегенді тоқтату керек. Осы жерде отырған баршаңыз өз қызметтеріңізді жалғастыра бересіздер. Мен бұл мәселеге өзім кепіл боламын». Бұл тырнақша ішіндегі сөздер 2011 жылдың шілде айында Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратында еліміздің Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловтың оқу ордасына жаңа ректорды таныстыруы сәтінде Е.Сыдықовтың аузынан шыққан алғашқы және негізгі сөздері еді.

ZHEBE.COM. «Іштен шыққан жау» - Тағы да сол  ақпараттық  майдан бұл. Тағы да сол қазақтың ақшасына күн көріп отырғанымен, Ресейдің пайдасына  жұмыс істеп жатқандардың арандату әрекеті.

«Сүлейменов Ресейді әлі пір тұтып жүр» - Иә, солай. Олжас Сүлейменовты айтамыз. Жастау кезінде  қазақтың атын әлемге  бір кісідей танытқан, түркологияда тыңнан  түрен салған тұлға еді ол. Бір ғана «Аз и Я» деген еңбегімен елдің есінде қалғаны бар. Кеңес кезінде. Бірақ, Қазақстанның  тәуелсіздік алғанына  ширек ғасырға жуық уақыт болып қалса да, Олжас Омарұлы Қазақстанның  тағдырын тек Ресеймен байланыстыра қарастыруды қоймаған көрінеді.

ALASHAINASY.KZ. «Түрмеден бүгін шығып, ертең қайта түрмеге түсетіндер халықтың табысымен күн көруде» - Біздің елде қазір 94 түрме мен тергеу изоляторлары бар. Оның алтауы – әйелдердікі. Негізі, еліміз егемендігін алған жылдарға дейін сотталғандар саны өте көп болды. Нақтырақ айтсам, әлем бойынша АҚШ, Ресейден кейінгі үшінші орында тұрғанбыз. Қазір азайды. Сөйтіп, үшінші орын¬нан 31-ші орынға түстік. Осының барлығы жоғарыда айтып өткенімдей, жазаның балама түрлерін пайдаланудың, ізгілендірудің және бірнеше рақымшылық жасағанның нәтижесі.

NAMYS.KZ.«Әсем Қонысбек. «Модельный бизнестің» алды қараңғы, арты тығырыққа тірейді» - Қазанда – қақпақ, итте – ұят жоқ. Адамды талаумен қатар, заманды талапайға түсірген «көк иттің» дәурені бұл. Қақпағымыз – иман, қазанымыз – ар еді. Қос құндылықты ғаламдық өркениет қылғытып кетті. Әрқилы сыпаттағы бизнес жүні жығылған иттей еңкейіп келіп, төрімізді билеп алды.   «Модельный бизнестегі» біздің де ұмтылыс жаман емес.

«Сәкен Алдашбаев. Екпе ем бе, у ма? (1-бөлім)» - Кеше үйімізге аймақтық балалар дәрігері келіп, балаларыңызды екпе ектіруге алып келіңіздер деп шақырып кетті. Оған алдыңғы еккен екпеде баламыз қатты ауырсынғанын айтып, екпе салдарынан сәбилердің түрлі жайттарға душар болып жатқанын естігенімізді жеткізіп, екпе салдыруден бас тартатынымызды айтқан болатынбыз. Алайда дәрігер екпе ектірмеуге болмайтынын ескертіп, ектірмеген жағдайда балабақша, мектепке бере алмайтындықтарымызды айтты. Осының ақ-қарасы қайсы? Дәрігерлер екпенің пайдалылығы жөнінде көптеген мәліметтер келтірді, мүлде зияны жоқ екенін айтты

ANATILI.KZ. «Бай мен кедей құда болса…» - Бүгінде осы құдалық жайында, құдалық рәсімін шамадан тыс, өз дәулетінен артық етіп асыра сілтеп орындау жайттары турасында әңгіме көп. Сонымен қатар той өткен соң құда мен құдағиды сынап-мінеу, күйеу баласын немесе келінін кемсітіп жататын жайттар көп кездеседі. Осылайша қоғамда, нақтырақ айтсақ, қоғамдағы адамдар арасында сыйластық, өзара түсіністік деген сезім ада болып бара жатқандай.

6 маусым 2013, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.