Қарашығанақта қанша мұнай мен газ қалды деп жазады Energy Monitor.
«2024 жылғы 1 қаңтардағы ахуал бойынша мұнай мен конденсаттың алынатын қалдық қоры 253,2 млн тоннаны, газ - 791,7 млрд м3 құрайды», - деді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
Еліміз тәуелсіздік алған жылдары (1991 жылы 4,5 млн тонна конденсат өндірілген) Қарашығанақта барлығы 270 млн тоннадан астам мұнай мен конденсат өндірілді.
Орташа жылдық өндіріс 11 миллион тонна болса, 23 жылға ғана мұнай қалады.
Ал Қарашығанақта өте көп газ бар (өндірілген шикі газдың 50%-дан астамы қабатқа кері айдалады). Қазақстандық тарап акционерлерді 4 млрд м3 газға арналған толыққанды газ өңдеу зауытын салуға көндіреді деп үміттенеміз.