ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, Теңіз кен орнында ұңғыма сағасының қысымын ұлғайту және басқару жобасын (ККЖ-ҰЕҚБЖ) іске асыру жұмыс сапасы мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты, объективті себептерге байланысты артта қалып отыр. Жобаны биылғы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Осымен жоба екінші рет кейіңнге қалдырылды. 2023 жылдың қазан айында Қазақстанның энергетика министрі бұл жобаны іске қосуды алты айға кейінге қалдыру туралы хабарлаған.
Теңіз кен орны мұнай қоры 3,2 млрд тоннадай болатын Қазақстандағы ең ірі кен орны. Ол Атырау облысында орналасқан. Құны 46,7 млрд доллар болатын Теңіз кен орнында ұңғыма сағасының қысымын ұлғайту және басқару жобасын «Теңізшевройл» ЖСШ жүзеге асырады. Ол іске қосылса, мұнай өндіру көлемі жылына 12 млн тоннаға ұлғаяды.