Андрей Решетнев «Kalamkas - Khazar Operating» ЖШС бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Petrocouncil.kz.
Бұған дейін ол компания бас директорының орынбасары қызметін атқарған.
Андрей Решетнев еңбек жолын «Красноленинскнефть» МГӨБ техника және технология зертханасында инженер болып бастады, «Красноленинскнефтегаз» ӨБ жетекші инженер, «ПермТОТИнефть» БК Гарюшкин кәсіпшілігінде мұнай және газ өндіру операторы болып жұмыс істеді. «Пермнефть» АТАҚ «Осинскнефть» МГӨБ мұнай және газ өндіру шебері, 1996-2023 ж.ж. – Лукойл-Пермнефть» ААҚ/ЖШС инженері, мұнай және газ өндіру цехы бастығының орынбасары, бастығы, Каирдегі «ЭШПЕТКО» копаниясының өндіріс жөніндегі бас менеджердің орынбасары, бас менеджері, «ЛУКОЙЛ Оверсиз Сервис Лтд» компаниясының Қазақстандағы филиалы директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС бас директоры, Дубайдағы «LUKOIL Overseas Baltic Ltd.» филиалының орталық диспетчерлік басқармасының басшысы, активтерді басқару бөлімінің басшысы, БАӘ-дегі LUKOIL International Upstream, Lukoil Overseas Service B.V. барлау және өндіру активтерінің басшысы.
Еске салсақ, 2024 жылдың 7 наурызында Құрманғазы Есқазиевтің басшы қызметінен кететіні белгілі болды.