Атырау, 19 қараша 16:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

NCOC Қашаған мұнайын құрлықта өндіруге әзірленуде

1 528 просмотра
Сурет: ncoc.kz. 

Каспий теңізінің тайыздануына байланысты теңіз кен орны операторы «құрлықта» мұнай өндіру сценарийін қарастыруда.

Каспий теңізі деңгейінің апатты күйде төмендеуі ғылыми ортада пікірталас тудырды. Кейбіреулер дабыл қағып жатса, басқалары теңіз үнемі «тыныстайды», ал теңіздің қайту кезеңдері сөзсіз тасу кезеңдерімен алмасады деп есептейді. Мысалы, өткен ғасырдың 60-шы жылдарының ортасынан 70-жылдардың аяғына дейін Каспий теңізінің деңгейі үш метрге төмендеді, бірақ 1992-93 ж. Атырау мен Маңғыстау облыстарын су басу қаупі төнді. Теңіз деңгейінің төмендеуі 90-жылдардың аяғынан бастап байқалды. Теңіз деңгейінің төмендегені соншалық, Жайық атырауының теңізге құяр маңының тереңдігі кей жерлерде 50 см-ден аспайды, ал саға кеңістігінде аралдар пайда болды.

Бұл арада NCOC-тың бұрынғы басқарушы директоры Оливье ЛАЗАР былтыр жыл аяғында берген сұхбатында: «...NCOC 2050 жылға қарай, мүмкін одан да ертерек Қашаған теңіз кеніші аралдарының айналасы кеуіп кетуі мүмкін деп болжап отыр. Осыған байланысты NCOC әртүрлі ұзақ мерзімді шешімдерді, соның ішінде «құрлықтағы» өндірістік операцияларға көшу мүмкіндігін зерделеуде» деп мәлімдеді.

Еске салсақ, NCOC 2021 жылдың шілдесінен 2022 жылдың қазан айына дейін өздеріне теңіз кемелерінің қауіпсіз қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында кен орнының өндірістік құрылыстары төңірегіне тереңдету жұмыстарын жүргізді (жалпы ұзындығы 56 км). Нәтижесінде жұмыс жүргізілетін маңда теңіз-көлдің тереңдігі (орта есеппен) 2,5-тен 4,3 метрге дейін артты.

NCOC баспасөз қызметінің «АЖ»-ға хабарлағанындай, компанияның флоты жеке және жалдамалы теңіз кемелерінен (соның ішінде әуе жастығы) және баржалардан тұрады. Олардың ең ірісі 2,4-2,8 метрге шөгеді, оларға қауіпсіз жүзу үшін 0,5 м (кеменің түбі мен теңіз түбі арасында) киль тереңдігі қажет. Авариялық-эвакуациялық кемелер 2,2 метрге шөгеді. Әзірге қайраңға киліккен жағдай болған жоқ.

«Қашаған теңіз кешені нысандарының төңірегінде Каспий теңізінің деңгейіне тұрақты мониторинг және оның ұзақ мерзімді өзгерістерін болжау жұмыстары жүргізілуде. Болашақта теңіз деңгейінің нақты өзгерісін білу мүмкін болмаса да, Қашағандағы операциялардың тиісті жүргізілуін қамтамасыз ету үшін әртүрлі сценарийлер қарастырылып жатыр», - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Лев ГУЗИКОВ

19 наурыз, 18:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.