Атырау, 18 желтоқсан 20:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

"Ресей еңбек мигранттарын "реттей" бастады". "Жазаны жеңiлдеткен” көзбояу". "Әблязов әрекет еткен болып жүр. Бірақ ол бітті...". "40 мың нашақор тіркеуде тұр".

1 705 просмотра

MASA.KZ. «Әблязов әрекет еткен болып жүр. Бірақ ол бітті...» - Жаңаөзендегі қасіретті оқиғаның ең басты ұйымдастырушыларының бірі, әрі күнәһары алаяқ Әблязов әлі де ештеңеден тайынар емес. Ол өзінің осынау қасіретті қақтығысты қоздыруға қатысы болғанын бүкіл әлемге жария етуге құлшына кірісуде.

«ҚР Ұлттық банктің бірінші басшылары рейтингісі» - ҚР Ұлттық банктің басшылар рейтингісін Дәулет Сембаев, Ораз Жандосов пен Әнуар Сәйденов бастады. Жалпы алғанда, 9 жылдай басқарып келе жатқан Григорий Марченко рейтингтің 4 орынға орналасты.  Мұны сәтсіздік ретінде бағалауға болады.

TURKYSTAN.KZ. «Межеге жетпеген пойыз» - Қазығұрт етегі арқылы өтпек болып жоспарланған Шымкент-Ташкент төте теміржолы құрылысының қашан және қандай мақсатпен басталғаны, сондай-ақ оның неліктен тоқтатылып қалғаны жөніндегі жиып-терген мағлұматтарымды ұсынып отырмын.

AZATTYQ.ORG. «Прокуратура: Әблязовтің әйелінен қолхат алынды» - Бас прокуратура бүгін қуғындағы оппозициялық саясаткер, банкир Мұхтар Әблязовтің әйелі Алма Шалабаева мен оның кәмелетке толмаған қызы Алуа Әблязованың Рим қаласы маңында тұрып жатқан жерінен 1 маусымда Қазақстанға депортацияланғанын растады.

«Политковскаяның өліміне орай сот басталды» (бейнежазба) - Мәскеу қалалық соты журналист Анна Политковскаяның өліміне байланысты күдікке ілінген бес адамның сотқа дейінгі алғашқы тыңдауын өткізді. Политковская 48 жасында, 2006 жылы 7 қазанда Мәскеудегі үйінде басы мен денесіне тиген бірнеше оқтан көз жұмған еді.

«Ресей еңбек мигранттарын "реттей" бастады» - Ресей үкіметі еңбек миграциясын «басқаруға көнетін процесс» ететін ниеттерін мәлімдеді. Ал Мәскеу мэрі Орталық Азиядан келген еңбек мигранттарының Ресейде қалуына қарсы екенін айтты.

ZHASALASH.KZ. «“Жазаны жеңiлдеткен” көзбояу» - “Жаңаөзендiк мұнайшылар түгел ақталып, босап шығады” деген хабар мұнайшылар қаласында бiр айдан берi гулеген. Алайда Жоғарғы соттың қадағалау алқасы шығарған шешiм үмiттi толық ақтай алмады. Сотталған мұнайшылардың еркiндiкке шығуын көптен берi асыға күткен жаңаөзендiктердiң көңiлi пәс, екiұдай сезiмде. Бiр жағынан алтауының жазасы жеңiлдегенiне қуанса, екiншi жағынан жоғарғы инстанцияның неге бәрiнiң үкiмiн өзгертпегенiне таң. Ал сотты бақылаған саясаткерлер “Жоғарғы сот ешқандай жеңiлдiк жасаған жоқ” деген пiкiрде.

ABAI.KZ. «Мырзан Кенжебай. Телеарналардағы сауатсыздыққа тоқтау бола ма?» - Көзіміз жеткені мынау: отаршыл елдің тілі өзі отарлап алған елдің тілін байытпайды да, құлпыртпайды да керісінше ол – отарланушы, езгідегі ұлттың тілінің тазалығына келтірер залалы мен кесапаты шексіз. Қазақ тілін, отарлаушы тіл – Кеңес заманында орыс тілі болды. Ал ол Қазақстанда бұл «қызметінен» әлі түсе қойған жоқ.

AIKYN.KZ. «40 мың нашақор тіркеуде тұр» - Есірткі қылмысына қарсы күрес бойынша құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыру керек. Себебі ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті мен Кеден және шекара қызметтері өз жұмыстарын тиісінше атқара алмай отыр.

«Тыныштық жақпай ма?" - Айырқалпақты қырғыз тағы шала бүлінді. Ши «Құмтөр» деген алтын кенішінен шықты. Кеніштің 100 пайыздық акциясы канадалық Centerra Gold компаниясына тиесілі. Ал оны жергілікті тұрғындар мемлекет меншігіне алуды талап етті.

NAMYS.KZ. «Зинедин ЗИДАН: «Балаларым мені жақсы әке деп санаса, мен үшін ең бастысы осы» - Мұсылмандар арасынан шыққан тұңғыш футболдан Әлем чемпионы Зинедин Зидан биыл қырыққа келді. Жақында оның 2006 жылғы Әлем  чемпионатының финалында Италия құрамасының қорғаушысы – Марко Матерацциді баспен соққан қимылына Парижде ескеркіш қойылғанын да естіген шығарсыз.

ZHEBE.COM. «Таксим алаңы Түркияны дүр сілкіндірді» - Түркияның Стамбул шаһарында бірнеше күнге созылған наразылық шаралары өтті. Осыдан 5 күн бұрын басталған наразылық шараларының соңы тәртіпсіздіктерге де ұласып, полиция көзден жас ағызатын газ бен су шашқан болатын. Ал, наразылық шараларының 6 -күнінде  Гези саябағы мен Тексим алаңына жиналғандар  саябақты  тазалап, қоқыстарды жинай бастады.

BAQ.KZ. «Анабелла Далин: "Мені қазақ деп ойлайтындар көп..."» -Астана қаласындағы халықаралық «Нұр Орда» мектебі білім беру сапасының жоғарылығымен ерекшеленеді. Білім ордасында оқу бағдарламасы кембридждік жүйе бойынша, ағылшын тілінде жүреді. Мектепте қазір Корея, Индонезия, АҚШ, Оңтүстік Африка, Филиппин, Түркия секілді бірнеше елден келген 14 ұлттың өкілі оқиды. Ал оқушыларға шетелден келген мұғалімдер сабақ береді. Солардың бірі – Анабелла Далин. Филиппин мемлекетінен келіп жұмыс жасап жатқан жас маманды әңгімеге тартқан едік.

4 маусым 2013, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.